Алтай тауы–Сібірдің оңтүстігіндегі ең биік таулы өлке.Негізгі бөлігі Ресей жерінде жатыр.Оны Оңтүстік Алтай,Батыс немесе Кенді Алтай және Қалба жотасы деп үшке бөлуге болады
Оңтүстік Алтай-Солтүстігінде Бұқтырма өзені,оңтүстігінде Қара Ертіс өзені аралығында жатыр.Ресеймен мемлекеттік шекарада Алтайдың ең биік Қатын жотасы орналасқан. Оның ең биік шыңы Мұзтау (4506 м) .Шығыстағы биік бөлігінің төбелерін қара мен мұздықтар басқан үшкір шыңды болып келеді.
Батыс және Кенді Алтай-Қазақстан жеріне Алтайдың батыс сілемдері кіреді.Олардың бастылары:Листвяга, Холзун,Көксу және олардың тармақталған Үбі, Иванов,Үлбі жоталары. Батыс Алтайдан көптеген пайдалы қазбалар табылған.Сондықтан да Батыс Алтайды Кенді Алтай деп атайды.
Қалба жотасы-Алтай тауларының Ертіс өзенінің батысқа қарай 400-км созылған жалғасы болып есептеледі.Ең биік жері Сарышоқы шыңы(1606 м ).Батысында жота бірте—бірте аласарып,Сарыарқаға ұласып кетті.
Сауыр-Тарбағатай-Ол Сарыарқаның шығыстағы жалғасы болып саналады.Сауыр-Тарбағатайдың солт. Зайсан қазаншұңқыры,ал оңт. Алакөл қазаншұңқыры жатыр.Сауыр жотасының ең биік жері Мұзтау шыңы 3816м.Тарбағатай жотасының биік нүктесі Тастау 2992м.