0 дауыс
16.9k көрілді
№1
Дәріханада 500г 9% ерітінді дайындау үшін ас тұзының және судың қандай массасы қажет? Бұл ерітінді физиологиялық ерітінді деп аталады және ол медицинада қолданылады?

№2
Жарақатты зарарсыздандыру үшін йодтың спирттегі 10%-дық ерітіндісі қолданылады? 200 г йод ерітіндісін дайындау үшін қанша грамм йод және спирт қажет?

№3
Массасы 500 г 10%-дық күкірт қышқылының (H2SO4) ерітіндісі берілген. Егер ерітіндіге 0,5 л су қоссақ, онда ерітіндінің концентрациясы қандай болады?
Сұрақтың жабылу себебі: жақсы жауап алынды

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
№1

Дәріханада 500г 9% ерітінді дайындау үшін ас тұзының және судың қандай массасы қажет?

500 грамм    100 %

х грамм          9%

х=500*9:100=45 грамм ас тұзы   500-45=455 грамм су
№2

Жарақатты зарарсыздандыру үшін йодтың спирттегі 10%-дық ерітіндісі қолданылады? 200 г йод ерітіндісін дайындау үшін қанша грамм йод және спирт қажет?

х грамм        10%

200 грамм  100%

х=200*10:100=20 грамм йод. 200-20=180 грамм спирт
№3

Массасы 500 г 10%-дық күкірт қышқылының (H2SO4) ерітіндісі берілген. Егер ерітіндіге 0,5 л су қоссақ, онда ерітіндінің концентрациясы қандай болады?

500 грамм    100%

х грамм         10%

х=500*10:100=50 грамм таза күкірт қышқылы

50 грамм          х%

1000 грамм     100%

х=50*100:1000=5% массасы 1000 г күкірт қышқылы
...