Химия
№1 Электр тогының әсерінен су айырылған кезде
а) 6г сутек;
ә) 12г оттек түзілген болса,
әр жағдайда судың қандай массасы реакцияға түскенін табыңдар.
№2 Су натриймен әрекеттескенде натрий гидроксиді NaOH түзіліп, 4г сутек бөлінді. Реакцияға түскен судың массасын табыңдар.
№3 Су мына металдармен:
а) 1г литиймен;
ә) 1г кальциймен
әрекеттескенде қай жағгдайда сутек көп бөлінетінін есептеп табыңдар.
№4 Массасы 7,2г фосфор (V) оксиді сумен әрекеттескенде қанша грамм ортофосфор қышқылы H3PO4 түзілетінін есептеңдер.
№5 Сумен әрекеттесіп
а) қышқыл;
ә) сілті түзетін
оксидтерге мысалдар келтіріп, сәйкес химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар.
№6 Тұрмыста үйді әктеу үшін сөндірілмеген әкке (CaO) су қосылып ерітінді дайындайды. Кальций оксидінің сумен реакцияласуы көп жылу бөле жүреді:
CaO + H2O = Ca(OH)2 + 67 кДж.
Реакцияға 5 кг кальций оксиді түскенде бөлінетін қызудың мөлшерін есептеңдер.
Физика
№1 Тәжірибені орындау кезінде катодтан 4 А ток өткенде 20 мин ішінде массасы 1,5 г мыс бөлінді. Тәжірибелік мәліметтерге сүйене отырып мыстың электро-химиялық эквивалентін анықтаңдар.
№2 Бұйымдарға күміс жалату үшін 15 мин бойына 5 А токты пайдаланды. Осы уақыт ішінде күмістің қанша мөлшері жұмсалады?
№3 Тотияйтын ерітіндісін электролиздеуде 50 мин ішінде катодта 6 г мыс бөлінсе, жүріп өткен токтың күші қандай?