Ислам діні бойынша түсті тек жақсылыққа жору керек.
Хадисте: «Сендер жағымды түс көрсеңдер, ол Алла тағаладан. Алла тағалаға шүкіршілік айтып, көрген түстеріңді әңгімелеп беріңдер. Ал, ұнамайтын түс көрсеңдер, ол шайтаннан, көргеннің жамандығынан сақта деп Алла тағалаға жалбарыныңдар. Жаман түсті ешкімге айтпаңдар, өйткені сендерге оның ешбір зияны тимейді", - деп айтылған.
- Түсіңізде үйлену той көйлегін көру- қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, жаңа достарға ие болатыныңызды білдіреді.
- Егер, анасы қызын қалыңдық кейпінде көрсе, шынайы өмірде өзін қызымен салыстырып отырады жəне одан артта қалғаның түсінеді дегенді білдіреді.
- Əкесі түсінде қызын қалыңдық көйлегінде көрсе, жақын арада рахаттанып, масаттанып өткізетін қуанышты серуенге шығады.
Фрейд түс жоруы бойынша:
- Түсіңізде өзгенің ұзату тойын көру – жақсы жаңалыққа, олар сізге тікелей қатысты болмаса да, сізбен жанама байланысты болады.
- Өз тойыңызды көру – жақын арада сізді тосын сый күтеді, сіз оған барынша түсіністікпен қарап, оның не мағына беретінін түсінуіңіз керек.
Ванга түс жоруы бойынша:
- Көрген ұзату той той – ескі достармен көңілді бас қосуды білдіреді. Мүмкін, сіз бұл кездесуде кейін өмірлік жарыңыз болатын адамды жолықтырасыз.
- Түсіңізде өз тойыңызда болу – жақында қиын шешім қабылдау керектігінің нышаны. Бұл шешімге сіздің ары қарайғы өміріңіз тәуелді.
- Ал, өз тойыңызда құрметті қонақ болсаңыз, жақын адамдардың бірі көп ұзамай сізден көмек сұрайтын болады. Оның бетін қақпаңыз, себебі көмегі ертең сізге де керек болады.
Көрген түсті тек ата-ана немесе туған бауыр сияқты жақын адамға яки болмаса ниеттес дос-жарандарға айтқан жөн. Ал, жаман түсті тіпті еске де алмаған дұрыс