“Вампирлер, қасқыр-адам мен зомбилер, яғни қара күштер мен жын буғандар барған сайын көп адамның назарын жаулауда”. (“Уолл-стрит джорнэл” газеті)
ЖАС-КӘРІ сиқыршылар, көрікті жалмауыздар, сымбатты қанішерлер бүгінде кітап, кино мен бейнеойын индустриясын жаулап алған тылсым дүние * кейіпкерлерінің кейбірі ғана. Адамдардың осыған үнемі тартылып тұруына не себеп?
Әлеуметтанушы профессор Клод Фишердің айтуынша, “елес пен аруақтарға он америкалықтың ішінде біреуі сенген болса, соңғы бірнеше онжылдықта үшеудің ішінде біреуі сенетін болыпты. Америкалықтардың аға буынына қарағанда, жас буынның елеске және жын-елес үйлеріне екі еседей көп сенетіні, бақсыларға екі еседей көп баратыны белгілі болды”.
Міне, осы себептен де адамдарға еніп алатын зұлым рухтар жайлы қорқынышты әңгімелер қайта қылаң берді. “Өткен онжылдықтағы зомби, қасқыр-адам мен вампирлер дәурені қайта туып, әлем мәдениетінде жын-перілер тақырыбы жандана түсті”,— деп жазды газет шолушысы Майкл Калиа (“Уолл-стрит джорнэл” газеті).
Бір дерекке сай, дүниежүзі бойынша адамдардың 25-тен 50 пайызға дейіні елеске сенеді екен және елес тақырыбы көптеген халықтардың әдебиетінің төрінен орын алатыны анықталды. АҚШ-та белді әлеуметтанушы профессорлар жүргізген сауалнама бойынша, Америка халқының 70—80 пайызы табиғаттан тысқары күштің әйтеуір біреуіне нық сенетін болып шықты.
Тылсым дүние мен спиритизмге жақын жүру еш зиянсыз ермек пе?
Толығырақ: https://www.jw.org/kk/%D0%BA%D1%96%D1%82%D0%B0%D0%BF%D1%85%D0%B0%D0%BD%D0%B0/%D0%B6%D1%83%D1%80%D0%BD%D0%B0%D0%BB%D0%B4%D0%B0%D1%80/%D0%BE%D1%8F%D0%BD%D1%8B%D2%A3%D0%B4%D0%B0%D1%80-2-2017-%D1%81%D3%99%D1%83%D1%96%D1%80/%D1%82%D1%8B%D0%BB%D1%81%D1%8B%D0%BC-%D0%B4%D2%AF%D0%BD%D0%B8%D0%B5%D0%B3%D0%B5-%D0%B0%D1%80%D0%B1%D0%B0%D0%BB%D2%93%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D1%80/