0 дауыс
1.7k көрілді
Денеме қара дақтар шығып жатыр, кір сияқты көбейіп жатыр. Беліме дейін ғана шығады аяқтарымда жоқ

1 жауап

0 дауыс
25-тен өткеннен кейін бетке дақ шығуы қалыпты құбылыс. Ал 25-ке жетпей дақ шықса, ол денсаулықта бір кінәраттың бар екенін сездіреді. Бетке дақ шығуының бірнеше себебі бар. Дақ қан аздықтан да болады. Қыз-келіншектердің етеккір циклі бұзылып, дұрыс келмесе, содан да дақ шығады. Қара дақ беттің құрғақтығынан да шығады. Ет пен терінің арасында су құрамы аз болса, дақ пайда болады. Сондай-ақ ағзаға қандай да бір дәрумендер жетіспегеннен де дақ шығады. Кейде адам күн көзінде көп жүрсе, содан пайда болуы мүмкін. Бетіне дақ шыққан қыздарға С дәрумені жетіспейді. Сондықтан С дәрумені бар тағамды көбірек жеу керек. Айран мен иогурттың құрамында С дәрумені бар, айранды көбірек ішу қажет. Дақ құрғақ, қамыр тағамдарды жей бергендіктен де болады. Күнделікті тағам құрамында көкөніс, жеміс-жидектер болғаны дұрыс. Бетінде дағы бар жандар қуырылған, ащы тағамдарды аузына алмағаны абзал. Дақтан құтылуға болады. Ол үшін дәрігер-косметологтың қабылдауында болып, ешбір қоспа қосылмаған, шөптен жасалған табиғи косметика пайдалану керек.
...