0 дауыс
2.4k көрілді
Адамзаттын барин суй буырым деп деген такырыпка эссе керек еди

1 жауап

0 дауыс

Абай шығармаларындағы діни мәтіндердің, әдіс-тәсілдердің қолданылуы мен астарлап сөйлеген тұстарын түсіну үшін міндетті түрде қалам иесі өмір сүрген тарихи кезеңдегі бұқара халықтың діни-таным түсінігіне тоқталу қажет. «...Абай дүниетанымын түсіну үшін, оның идеяларын атап қою аз. Ең алдымен, Абай дүниетанымында бейнеленген сол тарихи кезеңнен нақты тіршілік, тұрмыс жағдайларының ерекшеліктерін тереңінен танып білуіміз керек».

ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында бір-біріне керағар келетін басты екі бағыт, екі идеология болды. Оның бірі – реакцияшыл аса діншіл бағыт, екіншісі – демократтық-ағартушылықты қолдаған бағыт. Бұл жайында ғалым Р.Сыздық: «Абай өмір сүрген тұс қазақ даласындағы саяси-әлеуметтік күштердің арасындағы идеологиялық қайшылықтардың әрі қарай шиеленісе түскен кезеңі болды. Әлеуметтік ой-сана негізгі екі түрлі бағытта өмір сүрді: бірі – реакцияшыл – кертартпа, екіншісі – ағартушы-демократтық»,– дейді. Мұндай бағыттар қазақ қоғамында орнығып, қазақ даласы өз ішінен хандықтар құрып, автономды түрде Ресей арқылы басқарылып жатты.

Ислам дінінің қазақ даласына келуіне байланысты молда-ишандар мен қожалардың да қоғамдағы беделі артты. Әсіресе пайғамбар ұрпағы саналатын қожалар қазақ даласында ғана емес, жалпы Орта Азияда абырой-атаққа ие болатын. Бұл туралы А.Муминов:«...Следует отметить, что казахские ходжи играли и играют важную роль в сложении и функционировании конкретного мусульманского общества в Центральной Азии. Ее игнорирование приводило к возникновению и циркуляции ненаучных определений типа «поверхностная исламизация», «плохие мумульмане» ит.д.», – дейді.

Ташкент, Бұхара, Хиуадағы сияқты Қазақстанға діни орталықтары қалыптасқан қалалардан келген сауда керуендері арқылы қазақ халқы арасында ислам дінінің таралуына жол ашылды. Сауда-саттық керуендерімен бірге діни, рухани байланыс жүріп жатты.

Дегенмен, «...1787-1791 жылдары орыс-түрік соғысы кезінде Бұхара тарапынан қазақтардың арасында Осман империясын қолдау мақсатында орыстарға қарсы үгіт-насихат жұмыстары белсенді жүргізілді. Осыған қарсы шара ретінде қазақ даласында Бұхара мен Хиуаның саяси ықпалын әлсірету мақсатында орыс шенеуніктері ислам дінін қазақ даласында татар молдалары арқылы таратуды қолдады».

«...Ал татар молдалары өз тарапынан қазақ халқын ислам дініне баулып, мектептер ашып, мешіттер салып, діни кітаптар таратып, қажылықты уағыздады».

Абай діни білім алған Семейдегі Ахмед Риза медресесі де осы татар молдалардың ықпалында болғандығы белгілі. Бірақ осы медреседе нақты қандай пәндердің оқытылғандығы туралы мәлімет жоқ.

Абай он жасқа келгенде, әкесi оны Семейдегi Ахмет Риза медресесiне оқуға бередi. Медресе сол кездегi алдыңғы қатарлы оқу орындарының бiрi едi. Ол медреседе үш жыл оқиды. Абайдың рухани өсу жолында бұл кезеңнiң аса маңызды болғанына дау жоқ. Медреседе шәкiрттерге терең рухани бiлiм беруге баса назар аударылды. Ислам дiнiнiң қағидалары Құран арқылы ғана емес, сонымен бiрге сопылық iлiмiмен де үйлестiрiлiп отырды. Ал сопылық iлiмдер – мұсылман iлiмiнiң шыңы болатын. Абай әдебиет майданына әлі келе қоймаған жас шағында Шығыстың, әсіресе орта ғасырлық Таяу Шығыс әдебиетінің оқырманы болды.

Абай медреседе сопылықтың өкiлдерi Бақырғани, Софы Аллаяр, Ахмет Иасауидың рухани мұрасынан сусындайды.

Ұлы ойшыл-ақындар Фердауси, Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Жами т.б. мектебінен нәр алып өсті. Шығыстың бұлардан басқа көрнекті ақындарын, араб-парсы әдебиетінің діни аядағы қисса-дастандарын, «Шығыстың діни ғалымдарының пайымдауындағы логика мен мұсылман право негіздерін» (М.Әуезов) жақсы білді. Тіпті, бертін келе де, дүниеге көзқарастарының қалыптасып, творчестволық талантының шарықтап, кең арнаға түскен шағы орыс әдебиетінің өкілдері мен революционер-демократтардың идеясына етене бой ұрып, осы бағытқа біржола берілген кезде де Абай Шығыстың бұл тектес бай әдебиетінен қол үзбеген, әр кез қайта айналып отырған. Бұл тұста шәкірттік еліктеу емес, заман төрешілерінің мұңдастығы, сырластығы аңсата табыстыратын.

Бұл туралы академик Мұхтар Әуезов былай деді: «Абай «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі» сияқты терең мағыналы дастандар мен «Көзімнің қарасы», «Қор болды жаным» сияқты сыршылдық жырлар жазғанда; «Өлең – сөздің патшасы» сияқты әсем сөздің қадірін айтқанда, Шығыстың классикалық поэзиясы үлгілерін алады.Осылардың ішінде ұлы ақын Абайға бірден-бір ықпал еткен Қожа Ахмет Иасауи болды.

Қорытындылай келе, Абайдың туындыларын оқығанда байқайтынымыз – Қожа Ахмет Иасауи екеуінің де ұстанған жолы бір екендігі. Ұлы ғұламаларымыздың да ұстанған жолдары – Алланың құдіретін сезіну, адамзатты бауырым деп білу. Екеуінде де жетім мен жесірді аяу, әлпештеу, жоқ-жітікке қол ұшын беру кеңінен айтылады.

Мәліметтер ашық ақпарат көздерінен алынды.

...