0 дауыс
2.2k көрілді
Тахауи Ахтанов "Шырағың сөнбесін" романындағы өмір үшін к

1 жауап

0 дауыс

Анасын бала, баласын ана жоқтамасын мәңгілік... Т.Ахтановтың сұм соғыс кезіндегі көп қаламгер қалам тарта бермейтін тақырыпты өзек етіп алған «Шырағың сөнбесін» романын оқыған кезде осы ән жолдары еріксіз есіме түсті. Неге көпшілік қозғай бермейтін тақырып? Барды жоқ, тауды жер ететен тажал соғысты әрине көп ақын-жазушылар шығармаларына арқау етті. Ал Тахауи Ахтанов дәл майдан үстін емес, майдан мен ел шакарасындағы нәзік жандылардың өліммен арпалысын суреттейді. «Шырағың сөнбесінді» оқыған соң осыған дейін оқыған күйретіші күш-соғыс жайлы тамаша туындылардан Тахауи атамыздың шығармасын дара, кейіпкерін дана дер едім. Біріншіден, Нәзира-ұлтжанды, қайсар, «қаһарман» қыз.            Бұлай деуімнің себебі-он тоғыз жастағы жас келіншектің қолына қару алып соғыспаса да, жолшыбай жау бомбасының астында қалуы, вагонда «тілсіз жаумен», одан бөлек фашистермен кездесуі, осының бәрінен ұрпақ ұрпақ үшін ерлікпен өтуі. Құрсағындағы баламен: «Қайран туған жер! Ортамызда өткел бермес дариядай жау бар. Кішкентай болса да үміт жетелеп, әйтеуір жақындай берейікші деп шығысқа қарай жетелеп келеміз»-деген сөздері келешектен үміт үзбеген, әрі туған елі үнемі жүрегінде жүретін жан екендігін айғақтайды. Қаршадай қыздың «тар жол тайғақ кешкенін» көріп, бүгінгі бейбіт заманда өмір сүріп жатқандығыма шүкіршілік етемін. Бүгінгі күні кей замандастарымның тәуелсіз елде әлеуметтік желілер мен ішімдік, нашақорлық секілді кесапаттарға қарсы тұра алмай, жауды емес, жауды емес, өз нәпсісін жеңе алмай жатқандығына көңіл құлазиды. Екіншіден, Нәзира- ана! Енді ғана балалықпен қош айтысқан ару құрсағындағы сәбимен «ауыздықпен су ішеді». Оның «ана» деген мәртебесі тым биік атауды арқалап жүруінің өзі туындының бар мәнін ашып тұрғандай. Кім біледі, ол жай ғана келіншек болса, шығарма осыншалықты әсерлі болар ма еді? «Мен жападан жалғыз қалдым. Көз жасым шықпай ағыл-тегіл кеудеме құйылып жатты. Бірақ мені тоқтататын бір-ақ жан сол. Бүйірімді түртіп-түртіп қалатын сол тірі жан иесі...» Бұл жердегі «сол»- Нәзираның әлі жарық дүние есігін ашпаған нәрестесі. Жары Қасымбектің артынан бала қалсын деп, ұлтының бір ұрпағы үшін Нәзира «ана» деген атқа лайық болып, қиындыққа мойымайды. Бүгін де Нәзирадай жас аналар қоғамда көп. Бірақ бәрін бірдей ана деп атай алмаймыз. Өмірдің сынағына төзе алмай, не болмаса жастықпен шалыс басып, нәрестесін қоқыс жәшігіне тастап кететін тас бауырлар баршылық. Сол себептен Нәзираны қазақ қыздарының «эталоны» десек артық емес. Сөз соңында шығармадағы әженің «шырағың сөнбесін» деген сөзін барша елге тілегім келеді.Роман Нәзира арқылы өмір үшін күресті көрсетті. Ендеше, мына өмірдің шамшырағы, кемел келешегі-яғни біз және ертеңгі ұрпақ, сол шырақты сөндіріп алмайықшы!

Мәлімет ашық ақпарат көздерінен алынды.

...