Адайдың жеті қайқысы[өңдеу]
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
“Адайдың жеті қайқысы” — 19 ғасырдың 2- жартысы мен 20 ғасырдың бас кезінде Маңқыстау түбегінде өмір сүрген халық өнерпаздары, сал-серілер.
Олар: Өскенбай (күйші-домбырашы, әнші әрі жыршы), Тұрсын (әнші әрі күйші-домбырашы), Әділ (әнші әрі жыршы), Досат, Жылгелді, Тәстемір және Шолтаман (бәрі де әнші болған). Осы жеті өнерпаз жұбын жазбай бірге жүріп,Маңқыстау, Хиуа мен Хорезмаймағын, Жем мен Жайық бойын аралап, өнер көрсеткен. Ешкімге бас имей, өздерін тәкаппар (қайқайып) ұстағандықтан ел ішінде “адайдың жеті қайқысы” атанып кеткен. Бұлардың ішінде Өскенбай шығармалары көбірек сақталған. Сонымен қатар Әділдің екі-үш әннен тұратын бір циклді “Жайма қоңыр” атты музыкалық шығармасы, Досаттың “Досат”, Жылгелдінің “Құнан нар”, Тәстемірдің “Маңқыстау”, Тұрсынның “Оймауыт”, Шолтаманның “Дәлейлім” (“Тал кеме”) дейтін әндері халық арасына кең тараған. “Адайдың жеті қайқысы.” әндерін біздің заманымызға Қ. Қонаршиев, И. Жұмабаев, Қ. Қалмағанбетов, Қ. Нұраханов сынды әншілер жеткізген. Кезінде “Адайдың жеті қайқысының” орындауында “Досат”, “Құнан нар” және “Оймауыт” әнін А.В. Затаевич нотаға түсіріп, “Қазақ халқының 1000 әні” (Орынбор, 1925) жинағында жариялаған.
“Адайдың жеті қайқысы” аталған сал-серілерден жеткен әндерді маңқыстаулық әншілер Қ. Домбаев, К. Тасболатов және І. Шыртанов өз нақыш-өрнегімен орындады.
«Адайдың жеті қайқысы» - көрнекті әнші-жыршылар: Өскенбай, Жылгелді, Досат, Әділ, Тұрсын, Тастемір, Шолтаман. «Жеті қайқы» атауы қалай шыққанына тоқтала кетсек. «Маңғыстаудың Алтынсарины» атанған, тоқсаннан асып дүние салған мұғалім Ысқақ Шәкіраттың жазуынша болыс Иса Тілембайұлы бір шыяз (съезд) кезінде адайдың алты өнерпазын шақырып, қонақ етіп, көпшілік алдында ән салдырады. Олар кенже Әділ, майлан Шолтаман, мая Досат, медет Жылгелді, қырықмылтық Қарасай, бегей Қалым екен. Шыяз өтіп болғанша осы алтауын бай, мырзалар қонаққа кезекпен шақырып, ән салдырып, сауықтапты. Бұлар содан кейін «Адайдың алты қайқысы» атанып кетеді. 1970 жылдан кейін өлке өнерін зерттеп жүрген музыкалық сарапшылар сірә, шығармаларын жүйелеу үшін бұл мәселені қайта қараған тәрізді. Бұрынғылардың қатарынан Қарасай мен Қалымды алып тастап, олардың орнына жаманадай Тастемір мен қаржау Тұрсынды және жаңай Өскенбайды қосып, бұрынғы «Адайдың алты қайқысы» деген терминді «Адайдың жеті қайқысы» деп өзгертіп, оқулықтарға кіргіздіріп жібереді. Олар қайқыны көбейткісі келмеген шығар, әйтпесе, Қарасай мен Қалымға Иса болыс берген атақтарын қалдырып, қайқы санын тоғызға жеткізе қоюға да болмас па еді. Бұлардан басқа қожантай Қойбас (кезінде Қойбасты да қайқылар сапына қосып айтушылар болған), бәйбіше Дүйсенбай, шолақ Өткелбай, бегей Қайып, солтаналы Өтеген, кеще Құрым, т.б. әншілер маңғыстаулықтардың өнерге деген шөлін қандырып отырған. https://www.facebook.com/adai.ata/posts/740372256036284
Адайдың “жеті қайқысы”Бұлар әрі ақын, әрі әнші, сазгер-күйші болды, бір басынан бірнеше өнер табылды. Бұлар ел аралап, өнерді насихаттады, бас бостандығын аңсады. Дәуірдің өтпелілігін жырлады, шын сұлулықты ардақтады. Сал-серілер орыстардың мейрам-мерекелеріндегі күлдіргі кейіпкерлер – клоундар сияқты әлекей-күлекей, қызылды-жасылды киімдер киіп, түрліше ойындар да көрсеткен, үстем тап өкілдерінің әдейі қытығына тиген, бірақ оларды халық қатты қадірлеген. Сал-серілер мен әнші-ақындар мұрасы бүгін де халықтың қадірлі мұрасына айналды.Әрине, әр өнерпаз бойынан ақындық, жыршылық, әншілік, күйшілік, композиторлық өнер табылуы театры, киносы, оркестрі жоқ өткен ғасырларда көп кездескен, ал қазір бұл өнерлер дараланып үлгерді.Жазбалар мен жырларда, халық әңгімелерінде жыраулар мен ақындар, жыршылар мен сал-серілер, күйшілер мен сазгерлер қолданған сырнай, асатаяқ, даңғыра, керней, дауылпаз, дабыл, т.б. музыкалық аспаптар аталады, бірақ сан ғасырлар бойына қазақ өнерпазымен жан серік болған тұрақты аспап қобыз бен домбыра болған.Музыкалық аспап өнерпазға қозғау салады, шабытын келтіреді, тыңдаушыға ерекше әсер етеді. Қобыздың сырлы сазы, домбыраның сұлу үні сүйек-сүйегіңнен өтіп, жан пернеңді басып отырады. Мұндай өнердің әсері басым болары аян.Жыраулар мен ақындардың, жыршылар мен күйшілердің зерделі, ойлы, талантты легі әркез өзінің орындайтын жыр-күйін таңдап, береке-бірлік сияқты мәңгілік тақырыптарды жырлаған, өлең мен күйдің жасығы емес, асылын, мәні зор нағыз отты шоғын таңдап айтқан.Біз айтып өткендей, ақын-жыраулар да, жыршы-жыраулар да, жыршылар мен өлеңші, сал-серілер де Маңғыстауда аз болмаған. Еділ мен Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл, Қиыл, Елек, Қобда бойларында, Маңғыстау, Үстірт, Ақтөбе қырында талай айтулы ақындар өткен. Олар: Асан қайғы мен Шалкиіз, Қазтуған мен Сыпыра, Доспамбет пен Жиембет, Махамбет пен Мұрат, Абыл мен Ақтан, Нұрым мен Қашаған, Есет пен Есенбақ, Байтоқ пен Боранбай, Шернияз бен Шынияз, Шәйтім мен Насихат, Марабай мен Көшелек, Мұрын мен Сүгір, Қарасай мен Мәулімберді, Әбубәкір мен Ізім шайыр, Құлмамбет пен Қоспақ, Аралбай мен Бала Ораз, Қырымқұл Өмір мен Шеркеш Өмір, Есентемір Досжан мен Алаша Досжан және Тама Досжан, Қашқынбай мен Досы, Елбай мен Түмен, Сәттіғұл мен Сұраубай, Нұрпейіс пен Құмар, т.б. Бұлар “әп” дегенде ауызға ілінер танымал таланттар. Ал бұл айтулы да айдынды ақын, жыраулар дәрежесіне жетпегенмен, өз ауылының, елінің, халқының жүрегіне жылу дарытып, өлең, жырды қадірлеп өткен көптеген өнерпаздар болған.Бір өнердің яки бір халықтың әдебиетін не өзге өнерін тек қана он-жиырма адам жасамайды. Айтулы адамдардың алды-артында бірі биік, бірі аласа бел-белестер сияқты көптеген өнер адамдары болады. Әдебиет, өнер арнасында айтулылар мен әлгі өнерқұмарлар қосылып, ерекше бір өнер жолын – өнер ағысын құрайды. Бірақ әр дәуірдегі келер уақыт, саналы ұрпақ олардың бәрін ой елегіне салады, өз бағасын береді. Қай ақын қай дәуірге жете алады – оны талант тағдыры біледі.Өнер адамдарын Сарыарқа жағы “сал-сері” десе, Сыр бойы оңтүстік жағы “сүлей” дейді. Ал батыста, оның ішінде Маңғыстауда әйел өнерпаздарды “сәйкі”, ер адамдарды “қайқы” дейді. Мысалы, “Адайдың жеті қайқысы” деген сөзі жеті өнерпазға байланысты атақ.Ертеде Маңғыстау елі өнер адамдарының жарысын ұйымдастырады. Сарапшылар белгіленеді, бас сарапшы болып белгілі би, әрі болыс Иса Тіленбайұлы сайланады. Иса Тіленбаев (1829-1909) – Маңғыстау түбегінде туған. 1869-1870 жылдары Маңғыстау шаруалар көтерілісінің басшысы, ұйымдастырушысы, би болған. Ол 30 жылдың үстінде болыс болып, халқына қызмет етеді. Жиынға келген өнерпаздар өз өнерлерін көрсетеді. Бірінші орын Медет Жылкелді деген әншіге беріледі. Осында жеті өнерпазға: Шолтаманға, Әділге, Тастемірге, Тұрсынға, Жылкелдіге, Досатқа, Өскенбайға “Адайдың жеті қайқысы” деген атақ беріледі.Жылкелдіге бірінші бәйгі аталғанда, тыңдаушы жұртшылық арасынан күңкіл көбейіп кетеді. Көбі: “Өскенбай – әрі күйші, әрі жыршы, әрі ақын, әрі әнші. Бас бәйгі соған тиісті еді. Иса ағайыны Жылкелдіге бұрып кетті-ау” – дейді. Бұл сыбыс Исаның құлағына жеткенде: “Япырмай, мен сүйтіп кеттім бе екен? Өскенбайжан, сен бір осы жетеуіңе арнап “Жеті бұлбұл” деген күй тартшы,” – деген екен. Сонда Өскенбай табанда “Жеті бұлбұл” деген күй шығарып тартыпты. Риза болған ел Өскенбайға ақбоз ат мінгізіпті. Өскенбай осы сапарынан жетеуі бірге келе жатқан көңілді сәтінде атақты “Жеті бұлбұл” әнін қоса шығарыпты:Жиналып жеті әнші желе жеттік,Бірігіп серілікпен елге жеттік,Әншінің айдап жүрген еш малы жоқ,Өнер мен мерекені ермек еттік.Ертіп соңымыздан көпшілікті,Өнерді жасымыздан өрнек еттік,Кең ойып, шаршы төрден орын алып,Қара өлең төрттен салып дөңгелеттік.Міне, XIX ғасырдың II жартысы мен XX ғасырдың бас кезінде Маңғыстаудың өнер сахнасына “Адайдың жеті қайқысы” атанған Жаңай Өскенбай Қалманбетұлы, Медет Жылкелді, Мая Досат, Кенже Әділ Өтеғұлұлы, Майлан Шолтаман, Сүйіндік Тастемір Шыршығұлұлы, Қаржау Тұрсын сияқты дарындылар келеді. “Жеті қайқы” құрамындағылар – сазгерлік, ақындық, жыршылық, күйшілік, әншілік өнерлердің дәстүрлі дүлдүлдері. Бұлардың әрқайсысы бірнеше өнер иелері болған. Өскенбай – күйші-домбырашы, әнші, жыршы; Тұрсын – әнші, күйші-домбырашы; Әділ – әнші, жыршы; Досат, Шолтаман, Тастемір, Жылкелділер – айтулы әншілер. Олар бір жүріп, Маңғыстау, Хиуа, Хорезм аймағын, Жем, Жайық бойын аралап, халыққа өнерімен қызмет еткен сегіз қырлы сал-серілер болатын. Осылардың ішінде Өскенбай мұралары кейінгі ұрпаққа көбірек жеткен. Досаттың “Досат”,“Босмойын”, Жылкелдінің “Құнан нар”, Тұрсынның “Оймауыт”, Шолтаманның “Дәләйшім” (“Тал кеме”), Тастемірдің “Маңғыстау”, Әділдің “Жайма қоңыр” дейтін әндері халық арасына кең тараған. “Жайма қоңыр” – екі-үш әннен тұратын бір цикл шығарма. “Жеті қайқы” әндерін біздің дәуірімізге жеткізген Қонаршиев Қарағұл, Жұмабаев Имақша, Қалмағанбетов Қайырбай, Нұраханов Құрмаш сияқты әншілер. “Жеті қайқы”, “Досат”, “Оймауыт”, “Құнан нар” сияқты әндерді А.Затаевич нотаға түсіріп, “Қазақ халқының 1000 әні” жинағында жариялаған. “Жеті қайқының” өздеріне дейінгі алуан өнер, асыл мұраларды келесі буынға жеткізіп, үрдіс үлгі-өнеге тастауы – өнер тарихындағы ерекше құбылыс, ғажап дәстүр. http://old.el.kz/blogs/entry/content-3240