+1 дауыс
2.5k көрілді
Химиядан есеп шығарғанмын соған керек болып тұр.

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Тұнба - реакция нәтижесінде бір немесе бірнеше құраушының қиын еритін қосылыстарға айналуы. Тұнба алу немесе оны тұндыру химиялық технология мен анализ жасау ісіндегі ең көп тараған әдіс.


Химиялық реакциялар кезінде түзілетін тұнбаны негізгі 4 топқа бөледі:


күшті қышқылдың тұздары (AgCl, PbSO4, BaSO4);

әлсіз қышқылдардың тұздары (HgS, AgS, BaCO3);

бос қышқылдар (H2SіO3, H2WO4);

үш құраушының әрекеттесуінен түзілетін (кешендік тұздар) тұнбалар.

Тұнбаға түсетін бөлшектер пішініне байланысты кристалдық және аморфтық тұнба болып бөлінеді. Оларды тұндыру, сүзу, жуу, т.б. әдістер арқылы алады. Кристалдық тұнба суда жақсы еритін сұйытылған ыстық ерітінділерден алынады. Сондықтан оны тұндырғыштың артық мөлшерімен жуады. Аморфтық тұнба гидрофобты (металл сульфидтері) және гидрофильді (кремний қышқылы, алюминий гидроксиді, т.б.) болып бөлінеді. Аморфтық тұнба концентрлі және ыстық ерітінділерден алынып, тығыз әрі таза болады. Оларды еріп кетпес үшін электролиттермен жуады (мыс., аммоний нитратымен). Тұнбаның түзілуі және онымен байланысты т.б. процестерді өлшеу нефелометрия, турбидиметрия әдістеріне негізделген.


https://kk.wikipedia.org/wiki/Тұнба

...