0 дауыс
1) Автомобиль жолға қатысты  8м/с жылдамдықпен қозғалады.Оған перпендикуляр бағытта  6м/с жылдамдықпен велосипедші жүріп келеді. Автомобильдің велосипедшіге қатысты жылдамдығы.

2) Түзу сызықты бір қалыпты X осімен бағыттас үдемелі қозғалыстағы дененің кез-келген уақыт мезетіндегі координатасын табуға арналған өрнек

3) Қозғалғаннан кейінгі автомобильдің үдеуі  0,5м/с. Осындай үдеумен қозғалған автомобильдің 4 секундта жүрген жолы

4) 40м биіктіктен құлаған дене планета бетіне 4 секундта келіп жетті. Осы планетадағы еркін түсу үдеуі

5) @=30м/с бастапқы жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылған дененің қозғалыс басталғаннан кейін 4с уақыттағы орын ауыстыруы (g=10м/с2)

6) 5с ішінде бір айналым жасаған нүктенің, шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысындағы бұрыштық жылдамдығы

7) Дене бірқалыпты шеңбер бойымен  2с қозғалып  5м жол жүреді. Айналым периоды 5с болса, центрге тартқыш үдеу қанша

8) Массасы 1,5т автобус орнынан 1,5кН тарту күшінің әрекетінен қозғалады. Егер автобусқа әрекет ететін кедергі күш 450Н болса, онда оның үдеуі қанша

9) 8км/с жылдамдықпен айналатын массасы 3т жер серігінің импульсі

10) Импульсінің модулі 15кг*м/с бөлшек қабырғаға тұрғызылған нормальға 60* бұрыш жасай абсолют серпімді соғылса, импульстің өзгерісі

11) Массасы 100кг арбаша горизонталь бетте бір қалыпты қозғалады. Оған массасы 10кг құмы бар қап құлайды. Арбашаның жылдамдығы

12) Таудан төмен сырғанап түскен шананың кинетикалық энергиясы 625 Дж. Егер шана горизонталь бағытта 25м жүргеннен кейін тоқтаса, тежелу кезіндегі үйкеліс күші
21.01.2018
санатын ауыстырды 12.0k қаралым

3 жауап

0 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
2) Түзу сызықты бір қалыпты X осімен бағыттас үдемелі қозғалыстағы дененің кез-келген уақыт мезетіндегі координатасын табуға арналған өрнек

x=x0+v0t+at^2/2
27.01.2018
үздік деді
4) 40м биіктіктен құлаған дене планета бетіне 4 секундта келіп жетті. Осы планетадағы еркін түсу үдеуі

S=at^2/2

a=2S/t^2=2*40/4^2=80/16=5 м/с^2
5) @=30м/с бастапқы жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылған дененің қозғалыс басталғаннан кейін 4с уақыттағы орын ауыстыруы (g=10м/с2)

ең жоғарғы биіктігі

Hmax=v0^2/2g=30^2/2*10=900/20=45 метр

ең жоғарғы биіктікке жету үшін кететін уақыт
t=v0/g=30/10=3 c

біз дене жоғары тік лақтырылғаннан кейін 4c өткеннен кейінгі орын ауыстыруын табуымыз керек. Дене 3c ішінде максималды жоғары 45 метр биіктікке жетеді, ал қалған 1c жерге қарай еркін құлайды

орын ауыстыруы

h=v0*t-gt^2/2=30*4-10*4^2/2=120-80=40 метр
0 дауыс

Бірінші есептің жауабы 10 м/с болады.

24.01.2018
Терра жеке хатты оқып жіберш.
0 дауыс
Үшінші есептің жауабы 1 м
24.01.2018
127,956Сұрақ
322,866Жауап
153,167Пікір
72,970Қолданушы