Менеджмент мамандығы кез келген саладағы компанияларды және ұйымдарды басқару бойынша білім береді. Менеджер – бұл басқалардың жұмысын ұйымдастыруға және бақылауға қабілетті маман. Бірақ оның қолданылу саласы және білімі әртүрлі болуы мүмкін: қаржы, туризм, спорт, көлік, өнер және тағы басқалар. Өндірісті ұйымдастыру, қаржылық жоспарлау саласындағы ілгерлі білім, психологиялық басқару аспектілері, компанияларды дамыту бойынша мәселелерді кешенді және кезекті шеше білу жемісті мансапқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Академиялық дәрежесі: менеджмент бакалавры
Мамандық бойынша пәндер:
өндірістік менеджмент;
басқару шешімдерін әзірлеу;
стратегиялық менеджмент;
қаржы менеджменті;
қызметкерлерді басқару;
әлеуметтік саладағы менеджмент;
аймақтық экономиканы басқару;
сыртқы экономикалық қызметті басқару;
шағын және орта кәсіпорындар менеджменті.
Қызмет саласы:
мемлекеттік мекемелер;
экономиканың әртүрлі коммерциялық құрылымдары: әлеуметтік сала, туризм, қонақ үй шаруашылығы, сыртқы-экономикалық қызмет және басқалар.
Оқу ұзақтығы: 2 жы
Төмендегі Университеттің сайысынан қарап көріңіз:https://www.almau.edu.kz/kz/9815