0 дауыс
2.5k көрілді
Қобыланды батыр жыры мен Сұраншы батыр жырының ұқсастығы

Өтінем тезірек жауап бер

1 жауап

0 дауыс
Жамбылдың революциядан бұрын шығарған эпостық шығармаларынан бізге екі үлкен дастан жетті. Ол – «Өтеген батыр» мен «Сұраншы батыр» дастандары. Бұлардан басқа Жамбыл «Сауырық батыр» дейтін де дастан шығарған екен. Бірақ онысы ұмытылған. Сақталған екі дастан таң қаларлықтай бір тұтас, бүтін, өзекті дүние болып шыққан. Құнттылықпен сомдап соғылған бұл туындылар үлкен серпінмен, шеберлікпен жазылған, халықтың жарқын болашақ, шұрайлы жер, бақытты жаңа өмір туралы көкейкесті армандарын зор шабытпен жырлаған. Сюжетінің желісінде мифологиялық элементтер бар, реалистік суретке негізделген «Өтеген батыр» дастаны тамаша оймен суреттелген ақындық туынды. Дастанның өлеңі жеңіл, жатық, жұмсақ және эпостық шығарма бола тұра лиризмге толы. Айлы түнде ұйықтамай, халқына жайлы қоныс табам деп өзінің үлкен арманына бой ұрған Өтегенді Жамбыл үлкен ер жүректікпен сүреттеген. Жамбыл дастандарындағы ерекше бір жаңалық – мұнда әр халықтың өкілдері бас қосып, тіл тауып жалпы тап дұшпанына қарсы күресуі, осы күресте шыныққан достық. Өзі оқи алмаса да, ұдайы халық ортасында болып, халық тілегін жан-тәнімен жақсы түсінген патриот, қарапайым бұқара ақыны Жамбыл қазақ халқы үшін ең дұрыс жол орыс халқымен дос болу екендігін түсінген және осы білгенін дастанында өз дәрежесінде тәуір көрсеткен. Бұл – кезінде қазақ әдебиеті үшін елеулі жаңалық еді. «Сұраншы батыр» дастанын Жамбылдан бұрын Сүйінбай да жырлаған деседі. Бірақ ол бізге жетпеген және ол дастан емес, толғау түрінде жырланған. Сүйінбай болсын, Жамбыл болсын, әрқайсысы өз шығармасында Шапыраштыдан шыққан Сұраншы батырдың ерлігін, елге сіңірген еңбегін жыр еткен. Сұраншы шын болған, XIX ғасырда өмір сүрген батыр адам екен. Сұраншы батырдың есімі Шоқан Уәлихановтың хаттарында да кездеседі. 1838 жылы дастанды өз аузынан жазғызарда Жамбыл кіріспесі мен соңын жаңартып, Сұраншының шын тарихта болған адам екенін де дәлелдейді. Тек Сұраншы емес, оның тоғыз орыс, бір татар жоластары да, Егор дейтін кен қазушы досы да тарихта болған, Сұраншымен бірге соғысқан кісілер. Бұлардың соғысқан дұшпандары – Қоқанның Құдияр ханы мен қырғыздың манапы Орман ханның басқыншылары. Дастанда Сұраншы батырдың достарымен қосылып орыс армиясының қатарында көрсеткен қаһармандық күресі эпостық кең тыныспен, ерекше шабытпен суреттелген. Сұраншының ерлігін мұнша ден қойып жырлауының бір себебі Жамбылдың айтуынша: Бата берген Сүйінбай, Жырдың тіккен туындай, Айтқанда маған ақылды, Жырла! – деген батырды, – деу болса, екінші себебі – басына туған ауыр күнде батырын аңсаған халық тілегі көрінеді. «Сұраншы батыр» ежелгі батырлар жырының дәстүрінде туған дастан болғандықтан, сол жырлардың баяндау, суреттеу тәсілдерін қолданған. Сондықтан да көп жерлері Қобыланды, Алпамыс, Қамбар бейнелерін еске салады. Алайда асырып, әсірелеп айту (гипербола) жөнінен соңғы дәуірдегі тарихи-реалистік поэмаларға жақын. Жамбыл ел байларын, бектерін тізіп бөсімейді, қазақ жерін басқыншылардан қорғауда ерлік көрсеткен, бірлік көрсеткен Сұраншы, Сауырық, Сыпатай секілді батырларды дәріптеп, шаршы топтың алдында көптің көкейіндегі патриоттық және бұқарашылдық сезімді қозғап, жеңіске жетеді. Шын батырдың ерлігін, елге істеген игі істерін сүйсіне баяндайды. Бұл баяндауының өзі ұзақ жыр іспетті Жамбылдың осы тақырыптағы дастандарымен үндеседі. «Қалың қазақ өз елім» деген жалпы ұлттық сезім дәрежесіне көтерілген халық ақынының үні.
...