Әрдайым позитив болып жүру негізгі мақсат болмауы керек. Бір жағдайдың өзіне адам неше түрлі реакция білдіреді. Ал барлық болып жатқан нәрсеге тек бір ғана шаблонмен - позитивпен жауап беру мүмкін бе? Онда ол стереотиппен ойлау.Үнемі бір киіммен жүрмейміз. Тірі адам мың құбылған эмоцияларды бастан кешетінімен ерекше. Құрбыңызбен ренжістіңіз - ренжідіңіз, комплимент естідіңіз - қуандыңыз, сабаққа кешігіп бара жатсыз - уайымдадыңыз, машина жаныңыздан тез жүріп өтті - қорықтыңыз. Кезінде психологияда позитив психология деп жеке бөлініп, өзінше сала ашпақшы болған адамдар болған. Кейін сондай позитивный психологияның құрбандарын қайта емдеп шығуға тура келген. Өзіңізге шектеу қоймаңыз. Өзіңізді тыңдаңыз. Ешқандай эмоцияны шеттетуге болмайды. Ал жалпы өмірге деген позитив көзқарас туралы, қалай жеңілістен кейін қайта белді буып, бәрін жаңадан бастау туралы айтсаңыз өзіңізге ерекше ұнайтын неше түрлі музыкант, спортшы, новатор адамдар туралы көріп, оқуға болады. Адамды адам ғана қамшылай алады деп ойлаймын. P.S. Соңғы көрген кинолардан осындай әсер қалдырған кино "Движение вверх"