Қазақстан тарихы пәнінен олимпиада жұмысы
(Жазбаша жұмыс)
9 сынып. I айналым
1. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс
2. Алаш қозғалысы
3. 1921-1922 ашаршылық
1 нұсқа
1. ''Қалқаман-Мамыр'' поэмасының авторы:
A) Ш.Құдайбердіұлы. B) А.Байтұрсынұлы. C) Ә.Бөкейханов.
D) С.Сейфуллин. E) М.Шоқай.
2. 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалыстың әлеуметтік базасын атаңыз.
A) Қолөнершілер. B) Шаруалар. C) Берілген жауаптардың бәрі дұрыс.
D) Зиялылар. E) Жұмысшылар.
3. 1917 ж. шілдеде Верныйда реквизицияланған жұмысшылардан құрылған Қара жұмысшылар одағын кім басқарды?
A) Ж.Алдоңғаров. B) Р.Марсенов. C) Ж.Аубаев. D) Ж.Бабаев E) М.Айтпенов.
4. 1918 жылы наурыздың 2-нен 3-не қараған түні қарулы көтерілістің нәтижесінде Кеңес үкіметі қай қалада орнады?
A) Верный B) Петропавл C) Ақтөбе D) Семей E) Қостанай
5. Қазақ АКСР-нің құрылғанын жариялаған құжат:
A) Құрылтай съезінің резолюциясы. B) "Қазақ АКСР-нің құрылуы жөніндегі" декрет.
C) Қазақ АКСР-нің құрылуы туралы заң. D) КСРО Конституциясы.
E) Қазақ АКСР-нің Конституциясы.
6. 1921ж. еңбекшілердің жағдайын жақсарту үшін Түркістан ХКК-і декрет қабылдады:
A) Асханалардағы түскі ас ақысын төмендету. B) Жанар-жағар май бағасын төмендету.
C) Сауда-саттық және отынды халыққа тегін жіберу.
D) Коммуналды қызметтер ақысын төмендету. E) Сауда-саттық бағасын төмендету.
7. 1914-1916 ж.ж. Түркістан өлкесі Ресейдің орталық аудандарын қандай шикізатпен қамтамасыз етті?
A) Берілген жауаптардың бәрі дұрыс. B) Ет өнімі. C) Мал. D) Мақта. E) Киіз үй.
8. 1916 ж. 25 маусымдағы патша жарлығы бойынша Түркістаннан және Дала өлкесінен қара жұмысқа алынуға тиісті адам саны:
A) 500 мың адам. B) 300 мың адам. C) 200 мың адам. D) 400 мың адам. E) 600 мың адам.
9. Жетісуда Кеңес өкіметі орнаған мерзім:
A) 1918 ж. мамыр. B) 1918 ж. наурыз. C) 1917 ж. наурыз.
D) 1917 ж. сәуір. E) 1919 ж. ақпан.
10. Қазақстанда азамат соғысының соңғы - Солтүстік Жетісу майданы қашан жойылды?
A) 1920 ж. мамырда. B) 1920 ж. наурызда. C) 1920 ж. ақпанда.
D) 1920 ж. қаңтарда. E) 1920 ж. маусымда.
11. ЖЭС жылдары Ембі мұнайын өңдеуден түскен пайданың қанша проценті қазақ өлкелік бюджетіне түсті?
A) 8 %. B) 5 %. C) 2 %. D) 10 %. E) 12 %.
12. Кіші Қазан саясатына қарсы жақ қандай идеяны талап етті?
A) Түйеден социализмге өту мүмкін емес. B) Далада зауыт пен фабриканы орналастырудың жөнсіздігі. C) Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақын орналастыру.
D) Ауыл шаруашылық өндірісінің нәтижесін пайдалану.
E) Орта және ұсақ кәсіпорындар салу.
13. 1930-1932 жылдардағы аштық кезеңінде республикадан тыс жерлерге көшіп кеткен қазақтар саны:
A) 1 млн. B) 1 млн-нан астам. C) 950 мыңға жуық. D) 900 мыңға жуық.E) 800 мыңнан астам.
14. 1916 жылы саналы компромисс тактикасын ұсынғандар:
A) Шаруалар.
B) Революцияшыл демократиялық интеллигенция өкілдері.
C) Пролетариат. D) Билер. E) Мұсылман дін басылары.
15. Орал облысында Кеңес үкіметі түпкілікті орнады.
A) Азамат соғысы қарсаңында. B) Азамат соғысы кезінде.
C) Петроградтағы Қазан төңкерілісінен кейінгі екінші күні.
D) Кеңес үкіметінің салтанатты шеруі кезінде. E) Азамат соғысынан кейін.
16. Азамат соғысы жылдарында атаман Анненковтың бұйрығымен Монғол кемесінде кімді тірідей өртеді?
A) М. Летуновты. B) Л. Емелевті. C) К. Иноземцевті. D) Я. Ушановты.
E) А. Мироновты.
17. Ж. Э. С-кезіндегі тауар ауыстыру мен тауар айналымының маңызын күшейткен үкімет қабылдаған декрет.:
A) 1921 ж. 24 мамырдағы "айырбас" туралы декрет.
B) Партияның Х-шы съезінің азық-түлік салғыртын, азық-түлік салығымен ауыстыру туралы шешім.
C) 1921 ж. 19 сәуірдегі қазақтың еңбекші халқына жерін қайтару туралы.
D) 1927 ж. 14 маусымдағы етке натуралды салық туралы.
E) 1923 ж. 22 қарашада іс-қағаздарын қазақ тілінде жүргізуді енгізу туралы.
18. Индустрияландырудың қарсаңында Қазақстанда академик Губкиннің басшылығындағы экспедиция нені зерттеді?
A) Жезқазған мысын. B) Жамбыл облысындағы минералды тыңайтқыш шикізатын.
C) Солтүстік Қазақстандағы темір рудасының қорын.
D) Орал-Ембі мұнай ауданын. E) Минералды-шикізат ресурсын.
19. 1916 жылғы 4 шілдеде "Ереуіл төбе" деген жерге жиналған 14 албан болысының жігіттері "өліспей беріспеуге ант бергендегі" көтеріліс басшылары:
A) Тоқаш Бокин B) Бекболат Әшекеев C) Амангелді Иманов
D) Жамеңке Мәмбетов E) Ақкөз Қожанов
20. Суландыру жұмыстарына 50 млн. сом қаржы бөлу туралы декрет қашан қабылданды?
A) 1922 ж. 17 мамыр. B) 1918 ж. 17 мамыр. C) 1920 ж. 17 мамыр.
D) 1921 ж. 17 мамыр. E) 1919 ж. 17 мамыр.
21. Азамат соғысы жылдарында Қазақстан жерінде қандай әскери бөлім құру туралы шешім қабылданды?
A) Бригада. B) Батальон. C) Полк. D) Взвод. E) Ротадан ірі емес.
22. 1929ж. Қызылордадан ауысқан ҚазАССР-і астанасы:
A) Семей. B) Алматы. C) Омбы. D) Орынбор. E) Ақмола.
23. Сібір мен Орта Азияны қосатын темір жол:
A) Орта азиялық темір жолы. B) Қиыр Шығыс темір жолы.
C) Сібір темір жолы. D) КВЖД. E) Түрксіб.
24. Ұжымдастыру кезіндегі қай жылдарды қазақ халқы үшін ұлы жұт деп атауға болады?
A) 1928-1932 ж.ж. B) 1932-1934 ж.ж. C) 1930-1934 ж.ж.
D) 1927-1930 ж.ж. E) 1930-1932 ж.ж.
25. ''Кіші Қазан"саясатына қарсы пікір:
A) Далада фабрика мен зауыттарды салу мүмкін еместігі.
B) Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату.
C) Ауыл-шаруашылық өндірісінің нәтижесін пайдалану.
D) Түйеден социализмге өту мүмкін еместігі.
E) Орта және ұсақ кәсіпорындарды құру.