0 дауыс
5.5k көрілді
Еуропадағы орталықтанған мемлекеттер пайда болуының саяси(жəне əлеуметтік-экономикалық себебі?

1 жауап

0 дауыс

Еуропалық Одақтың пайда болуы, — тарихи және қисынды түрде өзара байланысты алғышарттар жиынтығының нәтижесі болып табылатын, ХХ ғасырдың негізгі оқиғаларының бірі. Бұл алғышарттарды экономика, саясат, рухани-мәдени өмірде, идеологияда іздеу керек.

Еуропалық Одақтың құрылуының экономикалық алғышарттары шаруашылық байланыстардың ғаламдану процессінде жатыр. Осының нәтижесінде халықаралық нарық пен оның құрамдас бөліктері: трансұлттық корпорациялар, халықаралық ынтымақтастық пен еңбек бөлінісі, капиталдың шетел инвестициялары, жұмыс күшінің миграциясы және т.б. қалыптасады.

Алайда экономикалық бірлік бағытындағы қозғалыс Еуропаның саяси бытыраңқылығымен, бір-бірінен шекаралармен, баждармен, визалармен және халықтар арасындағы шаруашылық қатынастарды шектейтін басқа да кедергілермен бөлінген – «егеменді мемлекеттердің Еуропасымен» үйлесімділікке түсе алмай, қарама-қайшылыққа түсті.

Аталған қарама-қайшылық Еуропа халықтары үшін жаңалық емес. Осы жағдай Еуропада ортағасырлардың соңы мен жаңа заман тоғысында болған жағдайға өте ұқсас болып келеді, бірақ басқа деңгейде. Сол дәуірде натуралды шаруалықтың орнына келген нарық шаруашылығы феодалдық бытыраңқылықпен сыйыса алмай, ақыр соңында оны жеңіп шықты. Сол кездерде пайда болған орталықтандырылған мемлекеттердің экономикалық негізі – ұлттық нарық болды.

Шаруашылық қатынастардың мемлекеттік шекаралардан тысқары шығуы Еуропа халықтарының одан да үлкен саяси ұйымын құруы туралы мәселені көтерді. Мұндай ұйым Еуропалық қауымдастықтар болды. Нарықты құру (тауар, жұмыс күші, өндірістің өзге де факторлар мен нәтижелердің қозғалысына барлық ұлттық кедергілерді жою арқылы) олардың алғашқы ірі бастамасы еді.

Ұлттық мемлекеттер, Қауымдастықтар және олардың негізінде құрылған Еуропалық Одақ шеңберінде жойылмайды, алайда өздерінің егемендігін осы мемлекет үсті құрылымның пайдасына қарай шектейді. Экономикадағы интеграция жайлап барып бұл процесске қоғамдық өмірдің басқа да салаларын тарта бастайды: саяси, ақпараттық, әлеуметтік, мәдени және т.б. Уақыт өте келе олар Еуропалық Одақтың қарамағына жататын мәселелер тобына көшеді.

Батыс доктринасында мұндай өзара байланыстың түрі «ауыстырып құю әсері» немесе «тиісті беріліс әсері» деп аталады. Ал «басқаларға» түрткі күшті беретін экономика аталған өзара байланыстың ең басты буыны болып табылатынына ешкім күмән келтірмейді.[1]

Осы орайда орынды сұрақ тууы мүмкін: неге жоғарыда аталған үрдістер Батыс Еуропа елдерінде ерекше дамуға ие болды? Халықаралық, ал қазіргі кезде — әлемдік нарық Жердің өзге де аймақтарын қамтиды ғой. Бәлкім осында тарихи және географиялық сипаттағы факторладынң маңызы үлкен болды.

Біріншіден, Батыс Еуропа елдерінде әлемнің басқа аймақтарымен салыстырғанда шаруалықтың капиталистік жүйесі ертерек қалыптасып, нарықтық байланыстар орын ала бастады, яғни мұнда экономикалық интеграцияның процесстері даму үшін көбірек уақытқа ие болды.

Екіншіден, мемлекеттердің біршама шағын аумақтары ұлттық шекаралар мен ішкі нарықтың тар шеңберлілігін анықтап өзара тиімді бірігуге итермеледі.

Айтарлықтай үлкен экономикалық бірлік бағытындағы қозғалыс – еуропалық дамудың жалпы тарихи беталысы болып табылады.

Саяси алғышарттар. Шаруашылық алғышарттарға қарағанда интеграциялық процесстің саяси алғышарттары ортағасырлардан бастап қалыптаса бастады. Оларды әрекет ету аясына байланысты екі топқа бөлуге болады: ішкі және сыртқы. Алайда бұндай бөлу тек шартты сипатқа ие екенін айтап кету қажет.

Ішкі саяси алғышарттар еуропалық мемлекеттердің бір-бірімен өзара қатынастарының ерекшеліктерін сипаттайды, ал сыртқылары болса, Еуропаның, ең алдымен оның батыс бөлігінің, басқа (еуропалық емес) мемлекеттер мен аймақтарға қатысты орнын анықтайды.

Бұл алғышарттардың екі түрінің екеуін де Еуропаның және жалпы әлем картасына көз жіберіп қарасақ байқауға болады. Ең бірінші болып көзге түсетіні ол – біршама үлкен емес аумақта өз шекаралары, заңнамасы, әскері, полициясы бар айтарлықтай көп мемлекеттердің шоғырлануы.

Тар кеңістікте көптеген мемлекеттердің қатар өмір сүріп келуі олардың арасында аумақтық қақтығыстарға, соның ішінде миллиондаған еуропалықтардың өмірін алып кеткен әскери қақтығыстарға талай рет әкеп соққаны баршаға мәлім.

Жеке мемлекеттер арасында жасасылған бітім шарттары, шабуыл жасамау немесе мәңгілік достық туралы пактілер еуропа тарихында талай рет бұзылған, және келешекте олар сақталады деп жүз пайыз сенімділікпен ешкім кепіл бере алмайды.

Ондай жағдайда Еуропаның саяси құрылысында жатқан соғыс пен қақтығыстар үшін негізді жойып тастаған дұрыс-ақ болмай ма? Яғни бір-бірімен жауласып жатқан ұлттық мемлекеттер Еуропасын, континентте бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ете алатын бірыңғай билік органдарға ие біртұтас саяси құрылымға айналдыру.

Толығырақ: https://7kun.kz/67882-2/

Ұқсас сұрақтар

...