Нағыз ер жігіттің 20 қасиеті мыналар болуы керек:
1. Нағыз жігіт әрқашан қыз баланы сыйлап, құрметтеуі тиіс. Егер олай болмаса, сіз жігіт емессіз.
2. Нағыз жігіт өзінен гөрі, өзгеге көмектесуді бірінші орынға қоя алуы міндетті.
3. Нағыз ер жігіт "Бөрі азығы – жолда" деген ұстаныммен өмір сүреді. Әрқашан іс-әрекет барысында болады.
4. Нағыз ер жігіт отбасында я жұмысында басты адам бола білуі керек. Бірақ "екінші адам" бола алу қасиеті де бойынан шықпауы тиіс. Әйтпесе, көшбасшылардың әлемінде ешкім де оларды тыңдамайтын болады.
5. Жігітке тәуелді болуыңыз мүмкін, ал балаға тәуелді болу қате.
6. "Сіз ер адамға қандай болуы керектігін үйрете алмайсыз, тек оған өзін өзі табуға жәрдемдесе аласыз" дейді Галилео Галилей. Ер адам әрқашан да менмен, әрқашан да қателіксіз жүрмейді. Ол өзгермейді, оның орнына дами түседі деп түсіну қажет. Қыздар, сіздерге айтарымыз, ер адам мүсін емес, өз қалауларыңызды көруге асықпаңыз, орнына оның кім бола алатынын қарайлаңыздар.
7. Ер адам өзін және жақын адамдарын қауіпсіздікте ұстау үшін күші мығым адам болуы міндетті емес. Күшті болса, тіптен жақсы. Ал негізінде ер адам қорғауға емес, бақытты қылуға бағыт алуы тиіс.
8. Ер адам өзі үшін өмір сүрмейді. Оның өмір сүруі өзіне қызмет етуден де жоғары. Қыз баладан ер адамның рөлі басым екендігі де сондықтан.
9. "Дүниедегі ең үлкен жетістіктерін шаршаған, тозған, бірақ жұмысын төзімділікпен атқарған еркектер жасаған". Егер ер адам қиын жағдайдан шаршап, мысы басылып, төзімі түгесілсе, ол қайтып келу үшін кетеді.
10. "Егер ер адам өзге біреуге сұқ саусағын қаратса, қалған төрт саусақтың өзіне қарап тұрғанын байқасын" дейді Луи Низер. Адам қателікпен өмір сүреді. Бірақ оны ұмытпауы тиіс.
11. Нағыз жігіт өз-өзіне күле алады.
12. Нағыз жігіт өз өміріне мақтанады: өзінің кім екеніне, не істеп жүргеніне ұялмайды.
13. "Жас жігіттер адал болуға тырысады, бірақ бола алмайды; кәрілер адал болғысы келмейді, бірақ ол мүмкін емес" Оскар Уайльд.
14. "Сау әйел өзін емдегісі келетін еркектің жанында қалай бақытты болмақ?" Оскар Уайльд. Егер ер адам бір адамға назар салып, мән бере қарайтын болса ол тек сол адамды ғана көреді. 15. Ер адамда да қорқыныш бар, бірақ қорқыныш ер адамды басқара алмайды.
16. Ер адам әрқашан да қателігін сабақ деп түсінеді.
17. Ер адам қаншалықты қиын әрі қызықсыз іс болса да, оны жасай алады. Тек сол іс қажетті болса болғаны.
18. Ер адам ұлылықты бағалайды. Бұл "гладиатордың қасиеті" деп те аталады.
19. Ер адам жарысқа түскен кезде ғана жақсара түседі.
20. "Қалағанына жетем деген еркек ең бірінші өзін-өзі бағалауы тиіс" Йохан Вольфганг
Мәлімет ашық ақпарат көздерінен алынды.