Салтанат Баян Жанар үшеуі

0 дауыс
792 қаралым
Салтанат Баян Жанар үшеуі мерекелік дастарханға 6 тəтті тоқаш сатып алуға келісті. Салтанат 2 дана, Баян 4дана тəтті тоқаш сатып алды. Ал Жанар тəтті тоқаштың орнына 180 тг əкелді. Егер тəтті тоқаштардың бағалары бірдей болса, онда қыздар бұл ақшаны өзара қалай бөліседі?
Қызық сұрақтар

1 жауап

0 дауыс
Жақсы жауап
Жанар өзіне 180-2*x теңгені қалдырып 2х теңгені Баянға береді. Бұл жерде х тәтті нан бағасы нөл теңгеден жоғары тоқсан теңгеге дейін. Егер тәтті тоқаш бір тиын тұрса, онда Салтанат екі тиынға тәтті нан алса Баян төрт тиынға тәтті нан алған оған екі тиынын Жанар береді. Сонда Жанарда 179 теңге 98 тиын қалып қыздардың бәрі бірдей екі тиыннан шығарады. Сұрақтың шартына сай барлық ақшаны бөлетін болса онда 180 теңгені Баянға береді. Бұл кезде тәтті нан бағасы 90 теңгеден болғаны. Екі тәтті нан үшін Салтанат 180 теңге жаратса, Жанар алып келген 180 теңгесін төрт тәтті нанға 360 теңге жұмсаған Баянға береді. Қыздардың бәрі бірдей тәтті нан үшін 180 шығарады.
127,720 сұрақ
322,372 жауап
153,238 пікір
72,716 қолданушы