0 дауыс
2.5k көрілді
Растрлық бейнені векторлық бейнеге аудару дегеніміз не?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Растрлық бейнені векторизациялау. Векторлық үлгілерді түзу түзетін координаттар кезектілігінің негізгі үлгісі ретінде қолданады. Векторлық үлгіні əртүрлі тəсілдермен алады. Ең кеңінен таралғандары сканерленген (растрлық) бейнелерді векторизациялау. Ол сканерленген бейнеден векторлық объектілерді ерекшелеумен жəне оларды векторлық форматта алумен тұжырымдалады.

Векторизациялау үшін растрлық бейненің жоғары сапасы керек (анық түзулер мен жиектер). Түзулердің қажет нақтылығын қамтамасыз ету үшін кейде бейненің сапасын жақсартумен айналысуға да тура келеді. Сканерлеу процесінің өзі уақытты аз алады, бірақ кезекті векторизацичлау қажеттілігі қолмен цифрлау деңгейіне дейін уақыт шығынын ұлғайтуды талап етеді. Векторизациялау кезінде қателер пайда болады, оларды түзету екі сатыға бөлінеді:

1) растрлық бейнені оны векторизациялауға дейін түзету;

2) векторлық объектілерді түзету.

Векторлық үлгілер деректердің дискретті жинағы көмегімен үзіліссіз объектілерді немесе құбылыстарды көрсетеді. Сондықтан, векторлық дискретизация туралы да айтуға болады. Растрлық бейне бойынша жаңа политүзу немесе полигондарды құру кезінде ГАЖ қатарында жартылай автоматты (трассировка) немесе автоматты векторлау режимдері қолданылады. Политүзу немесе полигон түйіндерінің трассировкасын жүргізу үшін трассировка режимін қосу керек. Трассировка жасалатын объект типі таңдалады: Полигон немесе Политүзу. Сосын алғашқы нүктедегі трассировкаланатын объекті шекарасы ерекшеленеді. Трассировка тек бір объект үшін берілген уақыт кезеңінде ғана жұмыс ітейді. Басқа объектіні ерекшелеген кезде осы объектілер түйіндері арасында түзу сызық сызылады.


http://mylektsii.ru/1-42126.html

...