0 дауыс
14.2k көрілді
Африка ауыл шаруашылығ,

 жетекші саласы,

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Африка елдерінің шаруашылығы экономикалық және әлеуметтік даму дәрежесі жөнінен өзге аймақтағы елдерден әлдеқайда артта қалған (ОАР-дан басқасы). Басты экономикалық кәрсеткіштері бойынша Африканың көптеген елдері халықаралық аутсайдер (ағылшын тіліндеoutsider— бөтен, жат) жагдайында қалып отыр. Қазіргі таңдағы адамзат басына ауыртпалық әкеліп отырған жағдайлардың барлығы дерлік Африка үшін шешімін таппаған мәселелер қатарына жатады. Африка елдеріне дамушы елдердің сипатты белгілері тән больш келеді, өсіресе XX ғасырдың 60—70-жылдары аймақтың экономикалық және өлеуметтік дамуының кейбір бағыттары өте жоғары деңгейге көтёрілді. Бірақ 1980—1990 жылдары экономикалық дамудың жылдамдығы кенет төмендеп, өлеуметтік-экономикалық жағдай ерекше нашарлады, тіпті терең дағдарыстық сипатқа ауысты. Азык-түлік ендіру (жылдық өнім — 2%) мен оны халыктың түтынуы (түтыну 3%-ға өскен) арасындағы алшақтық артып, ол өз тарапынан астық импортының өсуіне себепші болды. Оның үстіне Африканы бүрын болып көрмеген қүрғақшылық жайлады. Ол аймақ елдерінің жартысынан астамын шарпып, тікелей 200 млн-ға жуық адамды камтыды. Сонымен қатар шетелдік қаржыгерлердің борыш қыспағы да күшейе түсті. Африка елдері әкономикасының бір жақты аграрлы-шикізаттық бағытта дамуы және осы негізде ауыл шаруашылығының нашар дамуы, аймақ елдерінің әлеуметтік-экономикалық артта қалуының басты себептерінің бірі болып табылады. Көптеген елдерде бүл бір жақтылық бір ғана дақыл (монокультура) түрін өндіруге маманданудан айқын көрінеді. Бір дақыл түріне мамандану табиғи ғана емес, тарихи-өлеуметтік қүбылыс, ол Африка елдерін отарлау кезеңінен басталған болатын. Қазір осындай бір жақты халықаралық маманданудың нөтижесінде ондаған елдер экспортқа шығаратын бір-екі тауардың дүниежүзілік сүранымына төуелді болып қалуда. Сондықтан да бір дақылды елдер кеп салалы шаруашылық қүруға тырысуда, бірақ өзірше бүл жолда аз ғана елдер табысқа жетуде. Өңдеуші өнеркәсіп нашар дамығанымен, кептеген елдер кен өнеркәсібінің жақсы жолға қойылуымен ерекшеленеді. Келік жүйесі де елдер арасындағы және олардың ішкі аудандарымен байланысты ез дәрежесінде жүзеге асыра алмай отыр. Білікті мамандар, техникалық қажеттілік және үлттық қаржы-қаражат жетіспейді. Осы аталған себептер үлттық экономиканы қалыптастырудың жылдамдығын тежеуде. Тәуелсіздікті жеңіп алғаннан кейін Африка елдері біртіндеп ғасырлық мешеулікті жоюға күш-жігер жүмсай бастады. Ол, ең алдымен, табиғат байлығын мемлекет меншігіне айналдырудан, аграрлық реформаларды жүзеге асырудан, экономикалық жоспарлаудан және үлттық мамандарды даярлай бастаудан көрінеді. Осы шаралар нәтижесінде елдердің даму қарқыны біршама жеделдеп, шаруашылықтың салалық және аумақтық қүрылымы қайта қарастырыла бастады.

Өнеркәсібі.Африка елдерінде соңғы жылдарытау-кен өнеркәсібізор табыстарға кол жеткізді. Қазір пайдалы қазбалардың көптеген түрлерін өңдіруден Африка дүние жүзінде маңызды, кейде тіпті жетекші орындарды да иеленуде. Мысалы, ОАР алтын өндіруден бірінші орынды; Нигер уран; ал Гвинея боксит өндіруден екінші орынды иеленеді. Замбия мыс өндіру мен оны экспортқа шығарудан әлемге әйгілі, бүл елді «қызыл металл елі» деп атайды. Сонымен қатар Конго мен Ботсвана алмас ендіру мен оны сыртқа шығарудан дүние жүзінде жетекші орынға шығып отыр. Африка елдеріндегі өндірілетін отын мен шикізаттың негізгі бөлігі сыртқа шығарылатындықтан, тау-кен өнеркәсібі Африканың халықаралық еңбек бөлінісіндегі орнын айқындайды. Бірақ та кен ендіру өнеркәсіптерінің көпшілік белігі шетел қаржыгерлерінің қолында шоғырланған.Соңғы жылдары Африка елдеріндеөңдеуші өнеркәсіпкарқынды дамуда. Бүл сала, ең алдымен, жергілікті минералды шикізатқа негізделеді. Ең күшті дамыған сала — түсті металлургия, олар, негізінен, кен өндіретін өнеркәсіп аудандарында шоғырланған. Оларға алғашқы жөне тазартылған мыс өндіретін (Замбия, Заир), металдық алюминий өндіру (Камерун, Египет), полиметалл кендерін байыту (Конго) кәсіпорындары жатады. Өнімнің басым көпшілігі сыртқа жөнелтіледі. Қара металлургия көсіпорындары, керісінше өз кажеттерін етейтін өнімді ғана ендіреді. Машина жасау тек кейбір елдерде ғана бар, аз ғана көсіпорындар сырттан әкелінген бөлшектерден автокөлік, велосипед, трактор жөне ауыл шаруашылығы машиналарын қүрастырады. Химия өнеркәсібі Солтүстік және Батыс Африканың көптеген елдерінде (Ливия, Алжир, Нигерияда мүнай айыру) мүнай кендерінің ашылуымен байланысты карқынды дамуда. Сонымен қатар бүл аймақтарда азот және фосфор тыңайтқыштарын өндіретін көсіпорындар да баршылық. Энергетикалық ресурстардың едөуір мол кездесетініне қарамастан отын-әнегетика өнеркәсібі (мүнайдан басқасы) нашар дамыған. Әсіресе электр энергиясын өндіруден артта қалып отыр.Жеңіл өнеркәсіпсалалары арасынан тоқыма енеркөсібінің алатын орны ерекше. Солтүстік Африка елдері өздерінің мақта матасына деген түтыну талабын толығымен қанағаттандырып, мақтадан иірілген жіптері мен тігін өнімдерін (Египет, Марокко, Тунис) сыртқа шығарады.Тамац өнеркәсібісалаларынанмай шығару (зөйтүн, жержаңғақ, пальма майы), үн тарту, қант жөне шарап жасау өнеркөсібі көзге түседі.

Ауыл шаруашылығы. Африка елдері экономикасының негізі ауыл шаруашылыгыболып саналады. Бүл салада ЭБХ-ның 2/3-сінен астамы жүмыс істейді. Ауыл шаруашылығы үлттық табыстың 40%-ға жуығын береді. Аймақ елдерінің экспортындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесі 70%-ға жетеді. Аграрлық қатынастар ерекше күрделілігімен көзге түседі, яғни жер иелену мен жерді пайдаланудың әр түрлі сипаттары қатар кездеседі. Мысалы, Нигерияның солтүстігінде ру-тайпалық жер иелену үстемдік етсе, ал аймақтың оңтүстігінде плантациялық шаруашылық басым таралған.

Өсімдік шаруашылыгыауыл шаруашылығындағы жетекші сала болып есептеледі. Ол екі бағытта дамуда; бірі — түтыну, ал екіншісі — тауарлық бағыт. Түтыну бағыты Тропиктік Африкада басым, ондағы көпшілік елдерде ру-тайпалық жер иелену сақталған. Жер әңдеуде ең артта калган көне тәсілдер (отау-өртеу, кетпенмен өңдеу) қолданылатын дәащрлі уісац шаруашылыцжәне аз тауарлы. шаруашылыцсақталған.

Сонымен қатар жалдамалы еңбек кеңінен пайдаланылатын, сыртқа енім шығаруға маманданған ірі плантациялыц тауарлы шаруашылыцтарда қатар кездеседі. Плантацияларда какао, кофе, жержаңғақ, гевея, майлы пальма, шай, сизаль, қант қамысы, темекі, банан, үзын талшықты мақта, дәм-татымдық дақылдар сияқты сыртқа шығарылатын өнімдер көптеп өсіріледі. Бүл дақылдардың біразы қазіргі кезде жедел өркендеп келе жатқан шаруа цожалыцтарындаөсіріледі. Африканың бірқатар елдері бір дақыл есіруге ғана маманданған. Мысалы, Египет Араб Республикасы мен Судан мақта; Кот-дИвуар, Гана, Нигерия какао; Кения, Эфиопия кофе; Сенегал жержаңғақ; Нигерия мен Заир майлы пальма; Алжир; Ливия; Египет қүрма (дүние жүзі бойынша экспортқа шығарылатын қүрманың 50%-ы) өсіруге маманданған.

Мал шаруашылыгы.Африка дүние жүзінде мал басы аса мол аймақтардың бірі болып саналады. Мүнда дүние жүзіндегі ірі қараның 14%-ы, қойдың 16%-ы, ешкінің 32%-ы, түйенің 73%-ы шоғырланған. Бірақ мал өнімдерін өндіру мен оны түтыну мөлшері жөнінен аймак дүние жүзінде соңғы орындарды иеленеді. Африкаға мал шаруашылығының зкстенсивті сипаты тән, яғни жайылымда бағылатын жартылай кешпелі және көшпелі мал шаруашылығы басым. Аймақтағы мал басының көпшілігі мал шаруашылығымен айналысатын тайпалардың қолында жинақталған. Бірақ олардағы мал басы асыл түқымды емес, оның үстіне біраз бөлігі ауруға үшыраған. Африкадағы негізгі мал шаруашылығы аудандары субтропиктік жерортатеңіздік аймақ пен субэкваторлық саванна зонасында шоғырланған.

сілтеме

...