Екі мәтінді салыстыруда алдымен ұқсастықтарына, содан соң айырмашылықтарына тоқталасыз. Екі мәтіннің ұқсастықтары: мақсаты, мазмұны және көзделген аудиториясы. Ал айырмашылықтарына келер болсақ, алдымен екі мәтіннің мақсатын, мазмұнын, стилі мен-жанрын қатар ала отырып, анықтайсыз. Мысалы А мәтінінің мақсаты ..... болса, Ә мәтініні мақсаты .... болады. Содан соң мәтіндердің тілін сөз деңгейінде, сөйлем (риторикалық сұрақтар, т.б.), мәтін (түрі, абзацтар арасында логикалық байланыс, мәтін толық құрылымды ма?), деңгейінде екі мәтінді салыстыра отырып талдайсыз. "Автор не үшін қолданды?" деген сұрақ арқылы талдау себептерін түсіндіріп отырасыз.