0 дауыс
735 көрілді
Қазіргі кезде бухгалтер мамандығына жұмыс табу оңай ма əл

2 жауап

0 дауыс

Ия, табуға болад әрине, егер нағыз маман болсаңз. Қайтаға сол аудармашы, заңгер, бугалтер деген мамандықтар салаға қарамай барлық жерлерде жасауға мүмкіндігі бар ғой, басқа мамандықтарға қарағанда. Мысалы мұғалім тек мектепте сабақ бере алады. Ал жоғарыда атаған мамандықтар барлық компанияларға қажет. Нағыз маман болуды білсеңіз болды деп ойлаймын.

0 дауыс

Бухгалтер — экономика және қаржы саласындағы ең сұранысқа ие мамандық. Кез-келген, тіпті шағын компанияда бухгалтер қызметі бар. Ол қызметкерлердің жалақысын, салықтық төлемдерді, тауар бағасын анықтап, тапсырыс берушілер мен орындаушылар арасындағы есепті жүргізеді. 

Штатында бірнеше мамандарға дейін ұстай алатын компанияларда әр бухгалтер тек белгілі бір мамандық бойынша жұмыс істейді. Бірі — касса мен жалақы төлеміне, екіншісі валюта операцияларына, үшіншісі басқа қызмет түрлеріне жауап береді. Ал олардың барлығының жұмысын бас бухгалтер қадағалап отырады. Бухгалтер әдетте, салық және қаржы заңнамасының, бухгалтерлік есеп пен салық саясатының барлық қыр-сырын білетін, компаниядағы беделге ие мамандардың бірі.

Жұмыс орны 

Бухгалтерлер кез-келген ұйымға, компания мен фирмаға керек. Жұмысқа орналасу жағынан бұл ең сұранысқа ие мамандық.

Мамандық тарихы

Алғашқы бухгалтерлер ежелгі Үндістанда пайда болған. Олар ауыл шаруашылығындағы есеппен айналысып, «есепші» деп аталады. Ал «бухгалтер» мамандығы ресми түрде 15 ғасырда Максимилиан императордың тұсында пайда болды. Сол уақытта бухгалтерлік есеп бойынша бірінші кітап жарық көрді. «Есеп пен жазбалар» туралы кітабында италиялық Луки Пачоли бухгалтер ұғымына түсінік беріп, оның қызметі туралы сипаттама беруге тырысады. Көрші Ресейде бұл мамандық Бірінші Петрдің бұйрығымен 18 ғасырдың басында пайда болды.

Бухгалтер міндеттері

Жалпы алғанда бухгалтер төмендегі қызметтерді атқаруы қажет:

  • Бухгалтерлік есеп жүргізу. Құжаттарды қабылдап, өңдеп, бақылауына алады.
  • Арнайы келісім-шарт бойынша қызметкерлерге жалақы төлейді.
  • Салық және басқару есебін жүргізеді.
  • Салық есебін толтырып, арнайы қорға және салық инспекциясына жібереді.

Сондай-ақ ол компания қызметінің бағытына байланысты банктер және кредиттік ұйымдармен жұмыс жүргізеді. Егер компанияда бір ғана бухгалтер болса, оған бірнеше жұмысты әрі бас бухгалтер қызметін алып жүруіне тура келеді.

...