0 дауыс
586 көрілді
Сәлеметсіздер ме? Мен өзім жұмыс істегеніме 1 жыл бболды. Балам 4 айлық. Ай сайын 13мың теңге алып отырмын. Мемлекеттен жұмыс істеушілерге 40% қосылады дегенді жаңалықтан естіп едім. Айлыгым орта есеп ай сайын 65 мың алып отырдым. Олай болса маган 25мындай қосылуы керек емес пе? Осы мәселе жөнінде сұрагым неге ол жайында ЦОНга құжаттар өткізген кезде бізге ақша қосып есептемеді? Әлде оған басқа құжаттар қосымша өткізу керек пе еді?

1 жауап

0 дауыс
Сəлеметсіз бе?

Табыс мөлшері нақты жұмыс істеген мерзіміне қарамастан бала туғанға дейінгі соңғы жылдағы әлеуметтік аударымдар бойынша анықталады. Төлем мөлшерін соңғы жылдың орташа айлық табысын 10% мөлшеріндегі зейнетақы аударымдарын шегерумен еңбекке жарамсыздық күндерінің коэффициентіне көбейту арқылы білуге болады. Орташа айлық табыс жыл бойғы жалпы табысты 12 айға бөлгенде анықталады. Еңбекке жарамсыздық күндерінің коэффициенті жүктілігі және босануына байланысты демалыс күндерінің санын 30 күнге бөлумен анықталады. Сол себепті максималды коэффициент 126/30=4,2 теңеледі. Мәселен, белгілі бір жауапкершілігі шектеулі серіктестікте жұмыс істейтін, айына 50-60 мың теңге жалақы алатын әйелдің төлемақысын есептеп көрейік. Ол 20 мамыр күні еңбекке жарамсыздық қағазын алды. Бұл - әлеуметтік тәуекел пайда болған күн деп саналады. Осы қағазды алған күннен кейінгі 12 ай ішінде ол әлеуметтік сақтандыру қорына өтініш бере алады. Сосын оның соңғы бір жылдағы табысы есептеледі. Бірақ ол соңғы 9 ай ғана жұмыс істеген. Сол аралықтағы барлық табысын қосқанда 441 мың теңге болды. Ай сайынғы орташа табыс мөлшері - 36 750 теңге. Ал қорға аударған әлеуметтік аударымдары - 28 мың теңгені құрады. Еңбекке жарамсыз күндері санының коэффициенті - 4,2. Енді орташа табысты осы коэффициентке көбейтеміз. 36 750*4,2=154 350 теңге. Ол әйелдің декреттік төлемақысы осынша болады.
...