"Көнеміз енді қайтеміз, қатал екен тағдыр" деген сөздері бар өлеңді кім айтады?

0 дауыс
2.7k қаралым
"Көнеміз енді қайтеміз, қатал екен тағдыр, жазылмас жүрек жан жара" деген сөздері бар өлеңді кім айтады?
• Санаты: Қазақша ән

1 жауап

0 дауыс
"Сәт" триосының "Көнеміз ғой" деген әні бар

«Өлі балық жолығар өлмегенге»,
Өлмегенге не жетсін, өлмегенге!
Өмір деген осындай, жаным менің,
Қайтер едік, өмірге келмегенде?!

Қайтер едік, өмірге келмегенде,
Көнеміз ғой, қайтеміз көнбегенде?!
Төземіз ғой, қайтеміз төзбегенде,
Көлден тамшы бұйырмас шөлдегенде.

Не де болса, тәуекел, тең көреміз,
Әкел бері қайғыны тең бөлеміз!
Бірімізге-біріміз дем берейік,
Бір арбаның астында дөңгелейік.

Қақ бөлейік қайғыны,
Келісеміз.
Алауын да, уын да тең ішеміз.
Кезбе бақыт кездесіп қалса бізге,
Тепе-тең ғып біз үшке тең бөлеміз!

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
3 жауап
127,810 сұрақ
322,407 жауап
153,154 пікір
72,847 қолданушы