Қыз Жібек жырындағы теңеуледі тауып беріңіздерші?

0 дауыс
5.1k қаралым
Қыз Жібек жырындағы теңеу сөздерді тауып беріңіздерші?
Кітап, Әдебиет

1 жауап

0 дауыс
«Қыз Жібек» жыры қазақ халқының сүйіп оқитын көркем шығармасы. Неге десеңіз, ол өзінің көркемдік стилімен оқырманды өзіне  баурап алады. Жырдың сарыны, әуені батырлар жырының желісіндей айтуға ыңғайлы. Тыңдаушысын жалықтырмайды. Бір оқиғадан соң екінші оқиға қара  сөзбен байланысып, түсініктеме беріле жалғасып отырады. Жырда қазақтың салт-дәстүрі, тұрмыс ерекшелігі, сауда-саттықпен айналыса бастаған  кезеңі, орыс отаршылдығымен бірге енген сөздерді кездестіруге болады. Сол сияқты, «Қыз Жібек» жырында  естірту, жоқтау, жұбату, айтыс, жырлай арнау, зарлай арнау, сыңсу т.б. кездеседі. Жырдың өне бойына  зер салып, тоқталғанымызда айшықтау мен троптың түрлері жиі кездесетінін байқауға  болады.

Әсіресе аттың шабысын, батырдың ұрысын суреттегенде «Алпамыс», «Қобыланды батырлар» жырына ұқсайды. «Қыз Жібек» жырының бірнеше нұсқасы барын білеміз. Сол нұсқаларының кез келгені өзіндік жырлану стилімен көзге түседі.

Академик, жазушы  М.Әуезов «Қыз Жібек»  жыры туралы,  «қазақтың өткеннен қалған эпостық  мұрасының ішінде, «Қыз Жібек»  жыры асқан көркемдігімен ерекшеленіп,  оқшау танылады. Дастанның мол да алуан түрлі формасы оның күрделі де шебер композициялық құрылысы үйлесе  үндесіп келген» деген.
127,680 сұрақ
322,222 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы