0 дауыс
101k көрілді
Қайырлы күн! Маған IT мамандығы туралы, түрлері жəне сол мамандыққа түсу үшін қандай пəн таңдау керек?

IT мамандығы Қазақстанның қай жерлерінде бар, оқу мерзімі мен ақысы қанша толық мəлімет қажет осы сұрақтарға

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Бағдарламашы – арнайы математикалық модельдеудің көмегімен компьютерлік бағдарламаларды және алгоритмдерді құрастыратын маман.

Бағдарламашыларды салаларға байланысты үшке бөліп қарауға болады. Қолданбалы бағдарламашылар көбіне ойындар, есептеу бағдарламалары, редакторлар мен мессенджерлерді қамтамасыз ететін бағдарламаларды жабдықтаумен айналысады. Олардың саласындағы жұмыстарға тағы да жүйелі видео және аудио бақылаулар орнату, от өшіру жүйелері мен сигнал беру жабдықтарын жатқызуға болады.

Жүйелік бағдарламашылар операциялық жүйелерді, желі платформаларын, интерфейс жабдықтарын, әр түрлі ақпарат орталықтарын жинақтайтын ғаламтор беттерін жасаумен айналысады. Бұл саланың маманын жоғары төлемақыға ие бола алатындар қатарына жатқызамыз. Сонымен қатар, олар бағдарламалық қамту жүйелерін (сервис), есептеуді қаматамасыз ететін блоктарды (процессор, коммуникациялық және перефириялық құрылғылар) да жасайды.

Web-бағдарламашылар да желімен жұмыс жасайды. Дегенмен, олардың негізгі міндетіне ғаламтормен жұмыс істеу кіреді. Олар сайттардың бағдарламалармен қамтылуын, динамикалық веб-беттерді және дерекқормен жұмыс жасайтын web-интерфейстерді жасаумен айналысады.

Мамандықтың ерекшеліктері
Бағдарламашы ғылыми-техникалық және өндірістік есептерді математикалық модельдерді талдау мен алгоритмдік шешімдер арқылы есептеу жұмыстарын атқаратын бағдарламаларды құрастырады. Сондай-ақ, олар автоматты, типтік және стандартты бағдарламаларды және сыртқы алгоритмдік тілдерді жасақтаумен жұмыс істейді.

Мамандықтың оң және теріс жақтары
Оң жақтары:
Жоғары төлемақы;
Мамандықтар арасындағы сұраныс ең көп болатын мамандықтың иесі болу;
Кейде жоғары білім болмай-ақ жұмысқа тұру мүмкіндігі;
Тәжірибені ешбір жұмыс орталығында істемей-ақ алуға болатын мүмкіндіктің болуы;

Теріс жақтары:
Дәріс беру кезінде қатып қалған заңдылықты (консерватизмді) қайталай беру (бағдарламашыға түсінікті болған алгоритмнің студентке түсініксіз бола беруі мүмкін);
Маман көпке ұнай бермейтін, өз мінезіне сай техникалық қолтаңба қалдыратын болады;
Біркелкі математикалық алгоритмдермен жұмыс істей бергеннің арқасында күйзеліске ұшырауы;
Жұмыс орны
IT-компаниялар мен Web-студияларда;
Ғылыми-зерттеу орталықтарында;
Жеке бағдарламашыны қажет ететін компанияларда;

Маңызды қасиеттері
Бағдарламашы өте жылдам дамып жатқан технологияларға бейімделе білуі қажет. Сол себептен, өзін-өзі оқыту ең басты касиеттерінің бірі болуы тиіс. Әйтпесе, бірнеше жылдың көлемінде маманның маңызы кетіп, жұмыстан шығып кетуі мүмкін.
Техникалық құжаттарды оқи алатын дәрежеде ағылшын тілін білу де ең маңызды талаптардың бірі. Аталған маман иелері топпен жұмыс істей алуы керек. Үлкен жобаларда біріге, жұмыла жұмыс жасай алатын мінездің болғаны да артықтық етпейді.

Қайда оқуға болады?
Халықаралық IT Университеті
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

 Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Сүлейман Димерел атындағы университеті
ҚМЭжБИ
ҚБТУ
Алматы Энергетика және Байланыс Университеті
Алматы Технологиялық Университеті
Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университеті
Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті

https://massaget.kz/layfstayl/bilim/zharatylystanu/20297/
0 дауыс

Актау каласында бар

Ең көп акы жалакысы 700мын тгни кураиды

Ұқсас сұрақтар

...