Азаттық үшін алысқан, елі үшін егескен арыстан бабамыз Махамбет Өтемісұлының қазақ әдебиетінде алатын орны ерекше. Рухы биік жырлары ақынның атадан туған аруақты ер екенін дәлелдей түседі. Тарихшы ғалым Тілекқабыл Боранғалиұлы өзінің «Ғасырдан тәбәрік» атты еңбегінде: «Қазақ жырының ой-санасы – Абай, ар-намысы – Махамбет. Абайдың ғибратымен, Махамбеттің жігерімен еңсе тіктеген әлеуетпіз. Бірі-рухани ұстазымыз, бірі-рухты ұранымыз» деп, Махамбеттің өзгеше жан екенін сөз етті.
Махамбет – ғасырдан-ғасырға жалғаса беретін, уақыт өткен сайын қын түбінде жатпас алмас қылыштай жарқырай беретін тұғырлы тұлға. Махамбетті білмейтін қазақ жоқ. Бірақ, бұл оның адами болмысы мен айбалта-жырын көзге елестетіп, тілге оралтумен шектелмейді. Бейбіт заманда өмір сүріп жатырмыз десек те, Махамбеттің жүрегін кескілеген намыс пен күрескерлік бізге қазір де қажет. Өйткені, арын таптатқан, рухын төмендеткен елдің болашағы бұлыңғыр. Əбіш Кекілбаев Махамбет туралы жазған «Шандоз» атты еңбегінде оның «табиғаттан қалаған уақытында табыла бермейтін асылдай аса сирек кездесетін құбылыс» екендігін айта келіп: «Ондай құбылыс тек қазақ түгіл, барша адамзаттың ғұмырында да көп кездесе бермеген. Махамбет - кəдімгі он екі жілік, бір мығым жұмырбасты пенденің ертегідегідей аңызға айналуының, тек ертегіде ғана кездесетін ғажайып ерлердің қайтадан шындыққа айналуының таптырмас бір мысалы», - деп жазған еді . Ал, Махамбеттің ақындығының ерекшелігі оның ақындығы күрескерлікке ойшылдық жəне философиялық сипат берді, оның үстіне Махамбет - мықты психолог ақын. Ақын өлендерінің негізгі тақырыбы — теңдік пен бостандық, əділдік үшін күрес, қанаушы отаршылдық жүйеге қарсылық болып келеді де əрқашан жігерлі асып-тасып жатқан асқақ рухпен көмкеріледі, оған көне дəстүр бойынша философиялық терең толғамдар, пайымдаулар сабақтасып отырады. Оның өлеңдері көтерілісшілер үшін бір жұтым ауа сияқты қызмет етті.Махамбет өлеңдерінің бір сыпырасы балалар мен үлкендерге бірдей ортақ мұра. Ерлікті дəріптейтін шығармаларды көп.Біз келешек ұрпаққа əрқашан патриоттық күш-қайрат беретін, өздерін жігерлендіре түсіру үшін осындай батыр аталарымыздың болғаның ұмыттырмауымыз керек.Қазіргі таңда біздің патриоттарымыздың еліне деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық идеяға баулысын десек оларға Махамбет атамыздың өлендерін,шығармаларын бойларына сіңірту керек. Махамбеттің « Ереуіл атқа ер салмай », «Тарланым», «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқан сөзі», « Ерлердің ісі бітер ме?», «Қызғыш құс» деген өлеңдері балалардың ойына қозғау салатын, патриоттық рух беретін, оң мен солын танытатын тəрбиелік күші басым. Ер Махамбеттің өршіл өлеңдері өскелең ұрпақ үшін əке қанымен, ана сүтімен бойға дарыған рух күшіндей əсер етеді. Қазақ əдебиетінің Мұхтар Əуезовтей дарабозының төл шəкірті атанған сөз зергері Зейнолла Қабдоловтың «Махамбет деген ардақты, əрі аяулы есімнің өзі – өмірдегі қасіреттің синонимі, өнердегі қасиеттің символы»,-деп алдаспан жырымен ел рухын оятқан ақын туралы толғануы да сол себептен. Махамбет ақынға арнап жазылған көптеген шығармалар бар: алдымен қазақ поэзиясындағы Ы.Шөрековтің «Исатай-Махамбет» дастаны, Ж.Молдағалиевтің «Кек», Ж.Нəжімеденовтің «Жаңғырық», Ə.Кекілбаевтың «Махамбет», М.Шахановтың «Нарынқұм трагедиясы», Ф.Оңғарсынованың «Алмас қылыш немесе Махамбетпен қалай кездестім», М.Неталиевтің «Арыстан еді-ау Исатай» поэмалары, Қ.Бекқожиннің «Махамбет қабірінің басындағы тебіреніс» атты толғауы. Қазақ əдебиетінің барлық жанрларында арынды ақын, алдаспан жырдың дарабозы əрі батыр, əрі ту ұстаған қолбасшы Махамбет Өтемісұлы туралы шығармалар аз жазылған жоқ. Сонау ақын Ығылман Шөрековтен бастап бүгінгі суреткер қаламгер Зейнолла Қабдоловқа дейінгі қалам ұстаған дарындардың барлығы бұл қасиетті тақырыпқа ат басын бұрмай өте алмаған.Бұл туындылар Махамбеттің күрделі тұлғасын көркемдік тұрғыдан жинақтауда, сол тұстағы қазақ басына түскен бодандық, патшалық Ресей империясының қазақ даласында жүргізген отарлау саясатының қанқұйлы көрінісі, сонымен бірге ел ішіндегі, ағайын арасындағы зұлымдық пен сатқындық үстемдік құрған заман шындығын шынайы жеткізуде жазылған туындылар.Заманымыздың дүлділ компазиторы ұлы Нұрғиса Тілендиевтің Махамбет атты драматизмге толы миниятюралық симфониясында өршіл ақынның текті бейнесі, қайрат жігері, отты поэзиясы асқар шеберлікпен көрсетілген.
Махамбет аңсаған азаттыққа қол жеткізген халқымыз ушін енді ақын мұрат еткен азат ойдың биігіне ұмтылу, шынайы демократиялық қоғам орнату парызызымыз. Махамбет – ғасырдан-ғасырға жалғаса беретін, уақыт өткен сайын қын түбінде жатпас алмас қылыштай жарқырай беретін тұғырлы тұлға. Махамбетті білмейтін қазақ жоқ. Бірақ, бұл оның адами болмысы мен айбалта-жырын көзге елестетіп, тілге оралтумен шектелмейді. Бейбіт заманда өмір сүріп жатырмыз десек те, Махамбеттің жүрегін кескілеген намыс пен күрескерлік бізге қазір де қажет. Өйткені, арын таптатқан, рухын төмендеткен елдің болашағы бұлыңғыр. Махамбет ұлттық тұлға оның батырлығын ақындығын күйшілігін азаттық жолындағы күрескерлігін болашақ ұрпақтың санасына сіңетіндей етіп дəріптеу керек. Махамбет сияқты батыр да ақын бабаларымызды ешкашан жадымыздан шығармауымыз керек. Біздің болашағымыз үшін күрескен Махамбет атамыздын рухына басымызды иіп, еліміз үшін курескені үшін елімізді одан əрі көркейту керек. Батыр бабаларымыздың аңсаған арманы еліміздің азаттығын алу болған еді,соны жадымыздан шығармай, əрқашан мақтан тұтып, болашақта елімізді көркейту – бізге парыз.