0 дауыс
821 көрілді
Қазіргі қазақ қоғамындағы таптық бөліністер

1 жауап

0 дауыс

Қазіргі нарықтық экономика жағдайында қазақстанның әлеуметтік құрылымы бұрын-соңды болмаған күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Егемендік, тәуелсіздік алған уақыттың ішінде республиканың әлеуметтік құрылымында жаңа таптар, топтар, жіктер пайда болды. Олар: бизнесмендер, кәсіпкерлер, фермерлер, банкирлер, ауан түрлі жеке фирмалардың, дүкендердің, қонақ үйлерінің, мейрамханалардың, т.б. жеке меншік иелері. Тіпті бұдан басқа да өзгерістер бар. Мысалы, бұрынғы Кеңес дәуіріндегі таптар мен әлеуметтік топтардың өздері де біршама өзгеріп кетті. Қоғадағы белгілі бір әлеуметтік-экономикалық топтар екінші бір топтарға ауысы, өтіп жатыр, демографиялық жағдай, ел-жұрттың миграция мәселелері мен үдерістері де ерекше болып отыр. Жалпы алғанда, негізінде табысқа және экономикалық жағдайға байланысты қоғамда топқа, жікке бөлінушілік күшейе түсуде. Осылардың нәтижесінде Қазақстанда ауқатты, дәлеті орташа, кедей адамдарпайда болды. Қоғам қоғам мүшелерінің бұлайша жіктелуіне меншік формасының өзгеруі, жалпы нарық қатынастарының орын алуы ықпал етті.

Осы жағдайларды ескере отырып, қазақстандағы әлеуметтік иерархияны ұшбұрыш ретіе бейнелеуге болады.

Көпшілікке мәлім, нарықтық экономика меншіктің алуан түрлігігін қажет етеді. Ал,осы жағдай Қазақстанның әлеуметтік құрылымына зор әсер етті, өйткені меншік нысананың алуан түрлілігі жалпы экономиканың одан әрі бөлшектелуін күшейтті, яғни қоғамдық меншікті жекешелендіру процесі басталды. Осыларға сәйкес меншіктің жаңа типтері қалыптасуда. Олар: жек, корпоративтік, акционерлік, ұжымдық, жартылай жеке, жартылай мемлекеттік, т.б. Орта, кішігірім мекемелерге, сауда үйлеріне, мейрамханаларға, дүкендерге, әр түрлі акционерлік қоғамдарға қожалық ететін иелер пайда болды.

Республикада меншік иелері табы әлі қалыптасу үстінде болғандықтан, оның көлемін санмен көрсету әзірге қиын.

Сонымен, Қазақстан ірі орта және шағын кәсіпкерлікпен айналысатын бизнесмендер тобы қалыптасып келеді.

Кәсіпкерлік – бұл заңды әлеуметтік-экрнрмикалық құбылыс. Кәсіпкерлік немесе бизнес қоғамның ілгерлеп дамуына елеулі ықпалын тигізеді. Сондықтан еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік тұрақтануында ірі, ортажәне шағын бизнестің рөлі зор.

Академик К.А. Сағадиевтің пікірі бойынша, Қазақстан Республикасындағы бизнесмендерді 4 топқа жіктеуге болады.

1- топқа: номенклатуралық бизнес жатады, яғни бизнесмендердің бұл тобы өздерінің жоғары билікпен байланыстарын пайдаланып, мемлекеттік, несиелер алудың арқасында байлыққа, меншікке ие болған;

2- топқа табиғатынан бизнеске жақын адамдар жатады. Олардың бизнес өздерінің жинақтаған қорларының және сауда-саттықпен айналысуындағы тәжірибелердің негізінде қалыптасқан;

3-топқа кәсіби бизнестің өкілдері жатады. Бұлар өз күштерімен бастапқы кезден бастап қажымай-талмай еңбектену нәтижесінде қалыптасқан бизнесті негізгі кәсіпке айналдырған адамдар;

4-топқа жаппай бизнес жатады. Бұл топтағы адамдар қолда бар кез келген мүмкіндікті бизнес жасауға пайдаланады. Бұл топтағы адмдардың капиталының болмауы бизнесте көптеген қиындықтарды тудырып отыр. Соған байланысты олардың табыстарының өлемі де айтарлықтай емес.

Республика меншік иелері табынан басқа да таптар мен әлеуметтік топтар бар.

Жалпы алғанда, қазіргі Қазақстан қоғамында бір таптың, топтың, жіктің екінші бір тапқа, топқа, жікке ауысуы жиі болып отыр. Әрине, мұндай ауысу процесі Кеңес Одағы кезінде де болған. Біздің Қазақстан елінде бұл құбылыстың тік және көлденең сызықтары арқылы даму түрлері біршама айтарлықтай болып отыр. Бұларға қосымша әрбір таптың, топтың іштей бір-біріне өту, ауысу жиі кездеседі. Мысалы, республикада бұдан 4-5 жыл бұрын орташа табысы бар немесе кедей адамдар қазіргі уақытта бай коммерсанттарға, бизнесмендерге, кәсіпкерлерге, банкирлерге айналды, көбі өз алдына мекме, мейменхана, дүкендердің, т.б. қожайындары болды. Бірақ, бұлардың кейбіреулері қайтадан кедйшілікке ұшырап, қарыздар болып, төмен түсті. Өмірде мұндай жоғары көтерілу немесе төмен түсіп кету жиі болып тұрады. Мұндай құбылыстардың болып тұруы республика экономикасының тұрақсыздығынан болады.

Әлеуметтік мобильдік басқа да көрсеткіштерде кездеседі. Мысалы, жұмысшы немесе кеңсе қызметкері өздерінің мамандығының өсуіне және жаңа мамандық алуына байланысты екінші бір жоғары топқа өтуге тырысады. Қазақстанда бір әлеуметтік жағдайдан вертикальды жоғары бағытта екінші әлеуметтік жағдайға ауысу қарқыны төмен. Өйткені біздің өндіріс орындарымыз дағдарыста, олардың көпшілігі көптеген жағдайларға байланысты жұмыс істемей, тоқтап тұр. Осылардың нәтижесінде жұмысшылар мен қызметкерлер жұмыс орындарынан, мамандықтарынан, т.б. айырылып отыр.

Әлеуметтік мобильдік өкімет мекемелерінде де орын алады. Бұлар саясаттың өзгеруіне, парламенттің, үкіметтің, жергілікті басқару ұйымдарының жиі ауысуына, саяси реформалар мен басқарудың жаңа оңтайлы түрлерін іздестірумен, т.б. тікелей байланысты. Соның нәтижесінде біреулер бүгін министр немесе депутат болса, ертең жәй қызмет атқаруға мәжбүр болады немесе жұмыссыздар қатарына қосылады. Бұл процесс дамыған Еуропа елдерінде 2-5%-дан артпайды. Ал, ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстанда бұлар 15-25 %-ға дейін көтерілген.

Қалалардағы тұрмыстық қызмет көрсету саласында жұмыс, қызмет істеушілердің саны көбеюде. Кейбір дамыған елдерде бұл салада 50%-дан астам жұмысқа қабілеті бар адамдар істейді. Бұл құбылыстың да алуан түрлі себептері бар. Олардың бастылары: көптеген өндіріс орындары ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін, әсіресе, автоматтандыру, кибернетиканы кеңінен қолданып, уөптеген жұмыс қолын өндірістен босатты, олар жұмыссыз қалды. Сондықтан олар тұрмыстық, қызмет көрсету саласында еңбек етіп жүр. Меніңше, ХХІ ғасырда дүние жүзіндегі халықтың басым көпшілігі осы салада жұмыс істеуге мәжбүр болатын түрі бар.

Қазақстанда да халықты осы салада жұмыс істеуге ықпал ететін кейбір жағдайлар төбе көрсете бастады. Әрине, біздің елде де тұрмыстық қызмет көрсететін мекемелердің (қонақ үйі, ресторан, дүкен, сән, сауда үйлері, денсаулық сақтау кешендері, казино, туризм, санаторий, т.б.) көлемі ұдайы өсуде.

Дүние жүзінің дамыған елдерінде белгілі бір пайыздағы адамдардың жұмыссыздығы әдетте, жай құбылыс ретінде қаралады. Мысалы, көптеген елдерде жұмыссыздықтың көлемі 2-5% болады. Дамыған елдерде мұндай көрсеткіштер әдеттегі заңды құбылыс ретінде саналады. Бұрынғы Кеңес Одағы уақытында елде ешқандай жұмыссыздық жоқ деп жарияланды, мұны ашып айтуға тиым салынды. Бұрынғы одақтас республикалар өз алдында егемендік, тәуелсіздік алғаны мәлім. Олар өз бетінше өндірісті ұйымдаастырып дамытты. Көптеген өндіріс орындары экономикалық тұрғыда тиімсізболып жабылып қалды. өндірісте істейтін адамдардың көпшілігі жұмыссыз қалып, басқа салалардан жұмыс тауып алуға мәжбүр болды. Жұмыссыз адамдардың кейбіреулері жұмыс тауып алды, кейбіреулері жұмыс тауып алды, кейбіреулері кәсіпкер, бизнесмен, жалға беруші, жеке меншіктегі кәсіпорындарда, шаруашлықтарда жұмыс істей бастады, ал, жұмыссыздардың басқа бір көпшілік бөлігі, әсіресе, жастар, әйелдер, мамандандырылмаған немесе жартылай мамандандырылған жұмысшылар, олармен қатар қызметкерлер мен интеллигенция өкілдері жұмыс таба алмай қалды. Жалпы республиканың әр түрлі шаруашылық салаларында жұмыссыздық күн сайын өсу үстінде болды.

1997-1998-жылдары жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің кейбір деректеріне сүйенсек, республика бойынша жұмыссыздықтың ең үлкен пайызы оңтүстік аймақта болып отыр, бірақ, мұнда екінші бір фактор ескерілмеген. Бұл аймақтың ауыл шаруашылығанда көп адамдар өздерінің жеке меншік шаруашылығында жұмыс істейді, ал, мұны статистика мекемелері жұмыссыздық ретінде көрсетеді. Керісінше, қала мен ауыл-селодағылардың көпшілігі жұмыс орнын жоғалтса да жұмыссыздардың қатарына енгізілмеген. Кейбір адамдар уақытша жұмыс істемейді. Бұл да есепке алынбаған. Қоғамның әлеуметтік құрылымында әлеуметтік қорғауды ерекше тілейтіндер – зейнеткерлер,бұларға қоғам және үкімет тарапынан үлкен қамқорлық, көмек көрсету қажет.

Толығырақ: http://testent.ru/load/studentu/sociologija/azirgi_aza_standa_y_leumettik_stratifikacija_men_leumettik_mobildik_procesi/50-1-0-1087

...