0 дауыс
637 көрілді

Ассалаумагалейкум! Сурагым адал ас туралы: халал емес тойдан, дастарханнан келген саркыт жане ломбардтан пайызга каражат алып жеген ас адал бола ма?

1 жауап

0 дауыс

Адал ас - шариғат заңдары бойынша адамның ішіп-жеуіне рұқсат етілген, бұйырылған және таза жарамды ас.  Сонымен бірге, таза еңбекпен, маңдай термен келген асты, азық-түлікті де адал ас дейді.

Дәстүрлі ортада арнайы семіртіп жетілген малды жініктірмей, қуып, қызылмай етпей, сою талаптары бойынша сойылған мал етін де адалға жатқызады. Мәселен, таңертең оріске шықпаған малды союға алып қалса, бауыздамас бұрын аузына су тамызып, жерден кок жұлып тістетіп, яғни дәстүрлі ұғымда «отқа іліндірген соң» ғана союға жарамды санаған. Сол тәрізді кешке өрістен қайтқан мал қорада жусаған соң күйіс қайтарып тұрса, дәстүрлі ырым-жора бойынша, «күйіске ілінгеннен» кейін оны союға болмайды. Сол тәрізді, қонақ сыбағасына шымқай баран түсті малды (қойды) сою адалға жатпайды. Ол дегеніміз қонаққа адал ниет, ақ пейіл таныту болып саналмайды.

Адамды ақыл-естен айыратын арақ- шарап тектес ішімдіктер, доңыздың, арам өлген малдың еті, «бисмилла» айтып бауыздалмаған аң, құстың еті, сасып шіріген арам хайуандар мен жәндіктераузын батырған тағамдар, қан, жын, дәрет тектес нәрселер тамған, ит жалап кеткен азық-түліктер арамға саналады.

Мәлімет kk.wikipedia.org сайтынан алынды.

...