0 дауыс
534 көрілді
Блоггер дегеніміз кім? Блоггерлер қандай сайттарды көп, белсенді қолданады?

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Блог — ол ағылшынның «web log» яғни «желі журналы» сөзінен пайда болған.
Блог — онлайн жүргізілетін автордың жеке көзқарасымен жазылған ой, шағын әңгіме не күнделік.
Блог сөзі — ғаламтор беттерінде нақты бір тақырыптарда не белгілі категорияда информация тарататын түрлі әлеуметтік желілерде және сайттарда қолданылып жүр.
Қарапайым сөздермен, БЛОГ дегеніміз:
• хронологиялық тәртіппен жазылып, үнемі жаңартылып отырылатын «желі журналы» немесе «онлайн күнделік»;
• құрамы: қысқаша жазба, түсініктеме, мағлұматтар, видео/суреттер, сілтемелер, комменттер және т.б. тұратын жазба;
• қоғамда, айналаңызда болып жатқан кез келген жәйтқа жеткізген ойыңыздың, сезіміңіздің формасы;
• не істегеніңіз, не істемегеніңіз және бірдеңе істеп жатқандағы қалауыңыз;
• журналистиканың жаңа онлайн не азаматтық түрі — блоггингттің негізгі тірегі, өнімі
БЛОГГЕР ДЕГЕН КІМ?
Блог - abzalsariyev: Блог деген не? Блоггер деген кім?• блог жүргізетін адам;
• өзінің өмірін, көзқарасын, ойын ғаламтордағы миллиардтың назарына ұсынатын жанкешті (десе де болатындай);
• қаламына "өзі қожа, өзі би", ешкімге бағынышты емес, ақпарат кеңістігінде еркін ой ақтаратын белді сыншы, блогты қалай, қай форматта жүргізгісі келсе, солай жүргізуге құқықты, шектеуді білмейтін «недотілші», «пережазушы»;
• нақты түр-сипаты (жасы, жынысы, бойының үзындығы. телефонының маркасы, шашының түсі, салауатты өмір салтын қаншалықты ұстанатындығы) анықталмаған, яғни, алуан түрлі бағытта күй кешетін тіршілік иесі. Әдетте, Ол, бұл «атауды» еріксіз иеленіп жатады;
• болған/болатын жайттарға өзінің мазмұнды, жеке объективті пікірін білдіре алатын, дара тіл таба білу өнері бар, қоғамға көзқарасы бөлектеу тұлға.
(с)
Жауабынызға рахмет! Блогерлер қандай сайттарда белсенді болады?
әлеуметтік желілерде, ютубта, арнайы сайттарда т.б
...