+1 дауыс
428 көрілді
Құрметті Елбасы НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ
Менің інім Әлиасқар Қасымжомарт Алтынбайұлы (ТЖК 745250034) "Алтын белгі" иегері жалпы конкуртың натижесі бойынша 2017 жылдың 10 тамыз күні testcetr.kz сайтында ОҚО фармацевтикалық академияның 5B130100 "Жалпы медецина" мамандығына грантқа түскен болатын. 14 тамыздағы қайта грант тізімін жариялау барысында ол мамандыққа емес, басқа "Ветеринарлық медецина" мамандығына грантқа ауыстырып жіберіпті. Бұл тек менің ұлымның басындағы мәселе емес екенін білемін, дегенмен осының ақ қарасын ажыратып түсіндіріп беруіңізді сұраймын. Неліктен екі түрлі тізіммен оқушылардың психикасына кері әсер етіп жатырсыздар, бұл бассыздыққа жауап беретін адам бар ма? Кімге қандай шара көрілді? Неліктен қолданыстағы заңға сәйкес "Алтын белгі" конкурс нәтижесінде рөл ойнамады? Менің ұлым жартылай жетім, ақылы оқуға мүмкіндігім жоқ. Жоғарыдағы сұрақтарға  өзіңіз тікелей араласып, жауап беруіңізді сұраймын. Менің ата ана ретінде бар тілегім алғашқы тізімді қайтарса екен.

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев биылғы ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғарғы балл жинап тұрып, оқуға түсе алмай қалған бірсыпыра талапкерлердің ата-аналарымен кездесті деп хабарлайды nur.kz, Хабар24 сілтеме жасап. Себебі олар кеше ғана өз наразылықтарын білдірген еді. Әсіресе, медицина саласын таңдаған талапкерлер алаңдаулы. Ата-аналар бюджеттен қарастырылған білім гранттары әділетсіз бөлінген деп есептейді. Себебі, білім грантынан қағылғандардың дені – «Алтын белгі» иегерлері. Наразы топпен кездескен министр әрбір арыз-шағым жеке қаралады деп сөз берді. "Біз барлық арыз-шағымды жеке-жеке қарап, «Алтын белгі» иегерлері үшін жаңа тізім жасаймыз. Олардың барлығы жоғарғы оқу орындарындағы резервпен қаржыландырылады. Бірақ шағымданушылардың барлығын бірдей грантпен қамтимыз деп айта алмаймыз. Бірақ барынша жоғарғы оқу орындарының ректорларымен келісім жасауға тырысамыз", - дейді Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев. Айта кетейік, биылғы оқу жылына мемлекеттен 37 932 білім гранты бөлінген болатын.

Дереккөзі: https://www.******.com/kz/news/11783-altyn.html

Бұл білім және ғылым министрлігінің соңғы шешімі. Сондықтан басқа өзгеріске салынбайды. Хабардан да бұны айтқан болатын.
...