+1 дауыс
1.9k көрілді
Бұрынғы әйелім екі балама алимент төлеп жатырмын , жақында ол басқа кұйеуге тйді , жалғасты алимент төлей беремін бе?

8 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Неке және отбасы кодексі 175-бап. Сот бұрын белгілеген алимент мөлшерін өзгерту және алимент төлеуден босату

1. Егер алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде алимент мөлшері сот тәртібімен белгіленгеннен кейін тараптардың бірінің материалдық немесе отбасылық жағдайы өзгерсе, сот кез келген тараптың талап етуі бойынша белгіленген алимент мөлшерін өзгертуге немесе алимент төлеуге міндетті адамды оны төлеуден босатуға құқылы. Алимент мөлшері өзгертілген немесе оны төлеуден босатылған кезде сот тараптардың назар аударарлық өзге де мүддесін ескеруге құқылы.

2. Егер кәмелетке толған әрекетке қабілетті адамның алименттер төлеуге міндетті адамға қатысты қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны анықталса немесе кәмелетке толған әрекетке қабілетті адам отбасында лайықсыз мінез-құлық көрсеткен жағдайда, сот оған алименттер өндіріп беруден бас тартуға құқылы.

Ескерту. 175-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

176-бап. Алимент төлеу жөніндегі міндеттерді тоқтату

1. Алимент төлеу туралы келісімде белгіленген алимент төлеу жөніндегі міндет осы келісімнің қолданылу мерзімі аяқталғанда немесе осы келісімде көзделген негіздер бойынша, сондай-ақ тараптардың бірі қайтыс болғанда тоқтатылады.

2. Сот тәртібімен өндіріп алынатын алиментті төлеу:

1) бала кәмелетке толғанда немесе кәмелетке толмаған балалар кәмелетке толғанға дейін толық әрекетке қабілетті болған жағдайда немесе алимент төлеу туралы келісімде көрсетілген жасқа толғанда;

2) күтіп-бағу үшін алимент өндіріп алынған бала асырап алынғанда;

3) сот алимент алушының еңбекке жарамдылығы қалпына келтірілген немесе көмекке мұқтаждығы тоқтатылған деп танығанда;

4) еңбекке жарамсыз, бұрынғы жұбайының көмегіне мұқтаж болып келген алимент алушы жаңа некеге отырғанда (ерлі-зайыпты болғанда);

5) алимент алушы адам немесе алимент төлеуге міндетті адам қайтыс болғанда тоқтатылады.

+3 дауыс
Юристтен жеке  консультация алғаныңыз дұрыс. Негізі... Бала сіздің атыңызда болса , 18 жасқа толғанша алимент төлейсіз.
0 дауыс
Айелге зан бар да,ер адамга жокпа сонда адам болгасын барине бирдей зан болу керек
0 дауыс
шыныменде қазақ қыздары некесі бала  туады да оны біреудің мойнына артып қояды да түк жұмыс жасамай  рахат өмір сүреді. Баланың болашағына басын қатырмайды. Егер заңға өзгеріс енгізсе, яғни некеге тіркелмеген болса алимент талап етілмейді деп. сонда жетім балдар саны азаяр еді. некесіз бала туу қазаққа ұят саналып келген. Еразаматтардың құқығын неге заң қорғамайды? Алимент туралы заң бір жақты қаралған. сонда әйелдер оңды солды қыдырып некесіз бала туып отырмас еді.
0 дауыс
Арине толейсин. Сен оны айелине емес балалары на бересин. Баланнан аспайит ол акша. Айелине озине косметика алады деп оилаисынба.
0 дауыс
Ажыраскан ерди заиыпты алемент толеген жагдаида баланы коре алама
0 дауыс
Егер аиел алемент ала отырып баска ерге турмыска шыкса бала кимде болуы тиіс
0 дауыс

Бұрынғы әйеліңіздің күйеуі сіздің балаңызды асырап алмайынша, алимент төлей бересіз. Сіз төлеп жүрген алимент мөлшерін азайтуға болады. Толық мәліметті мына мақаладан оқи аласыз.

Ұқсас сұрақтар

...