Теледидар уақытты алатын құрылғы. Теледидардың алдында сағаттап түріктің, яки кәрістің киносын көргенше, бір пайда тигізер іс істісек жақсы болар еді. Сағызша созылған көп сериалды көріп, тамағын пісірмей, асын ішпей отыратын отбасылар қаншама?! Өмірімізден артық болғаны ма?! Теледидардың танымдық бағдарламаларын көру керек, ал мына сериал біткен адамның алтын уақытын желге ұшырып жібереді.