Түңгі қала әнінің сөзі керек,Достар!!!!!

+3 дауыс
1.1k қаралым
Түңгі қала әнінің сөзін тауып беріңіздерші.Мүмкін болса тезірек!!!!!
• Санаты: Жалпы ән туралы

2 жауап

+6 дауыс
түңгі қала жанады жанарыңда,деп бастаитынба?
Белгісіз
Ия түңгі қала жанады жанарыңда деп басталалады
+5 дауыс
Дәурен Сейітжанов - Таңғы қала
Таңғы қала
Көруге көздер ашық,
Сезуге көңіл ояу...
Түнімен ұйқы қашып,
Қалғанда таңға таяу,
Ақырын есікті ашып,
Төменге түстім баяу,
Асықпай анық басып,
Көшеге шықтым жаяу...!

Оянды ерте қала,
Aсығып суыт жандар,
Тыныққан ой мен сана,
Жүгіріп шыныққандар.
Оянды ерте құстар
Және де терек-талдар,
Оятты біреулерді
Тірлік пен себеп-салдар...!

Қайырмасы:

О, қала!
О, біздің әсем қала!
Төзімде тағат бар ма?
Өмірлік сұрақтарға
Өзіңде жауап бар ма???

О, қала!
О, біздің ару қала!
Сөзіме үн қатпаған,
Жай-күйің жұмбақ маған,
Сырымды кімге ақтарам???

Шамдардай шағылысқан,
Сандардай жаңылысқан,
Қозғалып әрлі-берлі,
Көліктер ағылысқан.
Сеңдердей соғылысқан,
Жандардай сағынысқан,
Жан-жаққа бара жатыр
Адамдар сабылысқан...

Қайырмасы:

О, қала!
О, біздің әсем қала!
Төзімде тағат бар ма?
Өмірлік сұрақтарға
Өзіңде жауап бар ма???
О, қала!
О, біздің ару қала!
Сөзіме үн қатпаған,
Жай-күйің жұмбақ маған,
Сырымды кімге ақтарам???



Осы ма?
Бұл таңғы қала ғой.
Ааа, онда маған төмен дауыс беріңіз)))
127,727 сұрақ
322,283 жауап
153,149 пікір
72,735 қолданушы