0 дауыс
50 қаралды
Сәлеметсіздерме? Мен ҰБТ дан жалпы 80балл жинадым. Осы жылы 80баллмен физика+математика пәнімен серпін бағдарламасы бойынша қандай мамандықтарға түсе алам?
СЖ өзгеріс сұрақ қойды | 50 қаралды

1 жауап

0 дауыс
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетіне жазсаңыз 2 мамандыққа да балыңыз жеткілікті.

1) 5В070300 – Ақпараттық жүйелер, академиялық дәрежесі – ақпараттық жүйелер бакалавры.

Бітірушілердің кәсіби қызмет салалары өнеркәсіп, ғылым, білім, мәдениет, ауыл шаруашылығы, мемлекеттік басқару салалары болып табылады және келесі лауазымдарда қызмет істей алады:

- санатсыз жоғарғы білікті маман;

- екінші санатты жоғары білікті маман;

- бірінші санатты жоғарғы білікті маман.

Ақпараттық жүйелер маманының негізгі атқаратын қызметтері: жобалау, эксплуатация, әкімшілендіру, бағыт көрсету, ақпараттық жүйелерді тестілеу, бағдарламалы-аппаратты қорғаумен қамтамасыз ету.

Кәсіби қызмет түрлеріне: жоба-конструкторлық, өндірістік-технологиялық, ұйымдастырушылық-басқарушылық, пайдаланушылық.

- бірінші, екінші санатты деңгейдегі маман;

- программист;

- жүйелік администратор;

- мәліметтер қорының администраторы;

- 1С саласындағы маман;

- ұйымдарда және өнеркәсіптерде есептеу техникасы саласындағы маман;

- WEB–қосымшаның әзірлеуші;

- электроншы;

- ақпарат қауіпсіздігінің маманы;

- есептеу орталығының технигі.

2)  1304000 - «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)»

Біліктілігі: 1304043 – Техник бағдарламашы, оқыту тілі: мемлекеттік, орыс.

«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» дайындығының бағыты адам қызметінің әр түрлі саласында ақпаратты қолдану мен түрлендіру, сақтау мен жинақтау, ізденуге байланысты ақпараттық технологиялар сұрақтарымен айналысады. Ақпараттық технологияларды меңгеру қазіргі уақыт нормасы. Аталған бағыт аясында кәсіптік бағдарламашыларды, қолданбалы бағдарламалық қамтамысыз ету мен жүйелік әзірлеушілерді дайындау іске асады. Мамандық түлектерін дайындаудың сұранысы өте жоғары - көп жылдан бері бұл сұраныс күн тәртібінен түспеді. Түлектер жетекші ИТ-компанияларда жұмыс істейді.

Қызмет түрлері:

Деректер базасына қызмет көрсету мен құрастыру және ақпараттық-іздеу жұмыстары үшін бағдарламалар әзірлеу;

Ғылыми және экономикалық тапсырмаларды шешу үшін бағдарлама құру;

Ақпараттық технологияларды қолдануға байланысты ДК стандартты бағдарламалық қамтамасыз етуін және басқа қызмет түрлерін қолдану.

«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) » мамандығының түлектері ІТ мамандығы ретінде жұмыс жасай алады:

банктарда, банктік және биржалық компьютерлік бағдарламаларды әзірлеу мен қызмет көрсету;

өндірісті басқару мен жоспарлаудың автоматтандырылған жүйесін құрай отырып, тұтастай сала мен жекелеген мекемелерді басқару;

ақпараттық анықтамалық жүйелер мен көпшілік қызмет көрсету жүйелеріне кәсіпорындар мен мекемелерде қызмет көрсету мен әзірлеу;

компьютерлер мен ұйымдастыру техникасын диагностикалау мен жөндеу бойынша сервис орталығы.
жауап берді
Павлодар Петропавлов деген калаларга тусе алмаймын ба? Тусе алатын болсамм университеттерди де айтып жибересиз бе?

Сіздің жауабыңыз

Есіміңіз:
Құпиялық: Email поштаңыз тек сізге хабарлама жіберу үшін ғана қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Он бірге бесті қосыңыз?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз

Ұқсас сұрақтар

115,445 сұрақ
292,211 жауап
152,627 пікір
58,691 қолданушы