0 дауыс
58.5k көрілді
Саламатсыздарма, биыл 8 сыныпты битирдим, ауыргандыктан осы такырыпты тусинбей калдым. Жалпы химиялык элементтердин тотығу дәрежесін қалай анықтайды?

1 жауап

0 дауыс

Зат құрылысының сырын толық ашу мүмкін емес, өйткені зат молекуласын түзуші атомдар өте кішкене бөлшек әрі олардың өзара әсерлесуі тым жылдам жүреді. Сондықтан жүретін үдерістерді өзімізге түсінікті болуы үшін әр түрлі сызба модельдерді пайдаланамыз.

Осыған дейін қарастырылған элемент атомдарының электртерістілігі, металдық және бейметалдық қасиеттері, олардың валенттілік электрондарын беру немесе қосып алуына негізделді.

Ал атом ядросын айнала қозғалатын электрондардың толкындық қасиеті бар екендігі белгілі, олай болса, оның бір атомды тастап, екіншісіне мүлде өтіп кетуі мүмкін емес. Сондықтан болып жатқан осы шындықты біздің түсінігімізге жақындату үшін тотығу дәрежесі деген түсінікті пайдаланамыз.

Элементтердің электртерістіліктерінің мәндеріне қарай элемент валенттілік электрондарын беріп жібереді немесе қосып алады деп есептегендегі түзілуге тиісті шартты зарядтың шамасынтотығу дәрежесідеп атайды.

Мысалы: натрий атомы бір электронын беріп оң зарядталса, күкірт атомы екі электронды қосып, теріс зарядты бөлшекке айналады.

Тотығу дәрежелері элементтің таңбасының үстіне араб цифрымен жазылып, зарядтың таңбасы оның алдына қойылады, оның мәні оң, теріс, бүтін, бөлшек және нөлге де тең болады. Жай заттардағы элементтердің тотығу дәрежелері нөлге тең.

Натрийдің электртерістілігі 0,9, ал күкірттікі 2,5, қосылыс түзгенде электртерістілігі төмен элементтен электртерістілігі басым элементке қарай электрон бұлты ығысады. Химиялық формулаларда электртерістілігі төмен элемент бірінші, ал электртерістілігі жоғары элемент екінші орынға жазылады (аммиактан NH3 басқалары).

Бинарлы қосылыстарды атаған кезде электртерістілігі басым элементтің халықаралық толық не қысқартылған атына -ид жалғауы жалғанып айтылады.

Na2S - натрий сульфиді SiO2, кремний (IV) оксиді Si3N4 - кремний (IV) нитриді.

Есте сақтайтын кейбір элементтің латынша аттарының түбірі: О - «окс»; Н - «гидр», S - «сульф», С - «карб»; N - «нитр», Si - «силиц», As - «арсен».

Бұдан көпшілік қосылыстарда элементтің валенттілігі мен олардың тотығу дәрежелерінің абсолюттік мәндері тең екенін көреміз.

Әдетте химиялық қосылыстарында тотығу дәрежелері:

  1. Сутек және І А тобының элементтері +1;

  2. II А тобынікі +2;

  3. ІІІ А тобындағы бор, алюминий +3;

  4. Оттек - 2, мына қосылыстардан ОF2, H2O2, басқаларында;

  5. Фтор - 1 тотығу дәрежелерін көрсетеді.

Тотығу дәрежесі шартты шама болғанымен ол бойынша

  • а) зат формуласын кұруға;

  • ә) элементтің тотығу-тотықсыздану реакциясында атқарар рөлін анықтауға болады.

Қосылыстардың құрамындағы элементтердің тотығу дәрежесін анықтау әдісімен танысайық. Мысалы, фосфор атомының сыртқы қабатында бес электрон бар, оған сыртқы қабатын аяқтауға 3 электрон жетпесе, ал оттек атомына 2 электрон жетпейді әрі атом радиусы кіші, электронды тарту күші көп. Сондықтан оттек атомы фосфорға қарағанда оңайырақ өзіне қарай электрондарды ығыстырады.

Олай болса фосфор оксидінің формуласы Р2О5фосфордың тотығу дәрежесі +5, ал оттектікі - 2 болады.

Кез келген қосылыс электрбейтарап болатыны сендерге белгілі, себебі атомдар мен молекулалар зарядсыз бөлшектер. Сондықтан молекула құрамына кіретін элемент атомдарының тотығу дәрежелерінің алгебралық қосындысы нөлге тең.

К2+2Cr2O7


http://www.studfiles.ru

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
4 жауап
0 дауыс
1 жауап
...