0 дауыс
613 көрілді
З д принтері Қазақстанда бар ма ? . Бар болса , Қазақстанның қай жерінде бар ? . Және ол сатылса , Қазақстанның қай жерінде сатылады ? .

1 жауап

0 дауыс

3D форматтағы жаңа жоба қытайлық модельдің негізінде жасалыпты. Алайда 400 мың теңге тұратын Қытай құрылғысының құны тым қымбатқа түскен. Ғалымдардың төл жобасын жасақтауға небәрі 89 мың теңге жұмсалған. Әріптерді тез теретіні өз алдына, жұмыс жасау кеңістігі де ауқымды. Сондықтан оны болашақтың технологиясы деп толық сеніммен айта аламыз, дейді жоба авторлары. "Мысалы, құрылыста жобаларды алдымен компьютерде жобалап, кейін принтерлермен басып, керек жерлерін көрсетуге болады. Жалпы біз оны құрастырғанда кейбір бөлшектерін Қытайдан тапсырыспен сатып аламыз. Себебі бізде оның бөлшектері таптырмайды. Біздің принтердің жылдамдығы өте жоғары және жұмыс аумағы қарапайым принтерлерге қарағанда үлкен болып саналады", - дейді Жәңгірхан атындағы БҚАТУ студенті Салауат Ғалымжанұлы. Айта кетейік, жастар жыл соңына дейін 3D үлгісіндегі тағы 5 принтер жасақтауды жоспарлап отыр. Өнімді сериялы түрде өндіріске енгізудің бизнес жоспары да дайын тұр. Енді жасалатын принтерлерге қажетті қосалқы бөлшектердің сызба нұсқалары осы дайын болған құрылғының көмегімен жасақталады. Жоба авторларының сөзіне қарағанда, мұның бір ерекшелігі - энергия үнемдеуге болады. Отандық 3D принтерлерді жоғары оқу орындары мен мектептер, сонымен қатар жобалау институттары мен сәулетшілер сатып ала алады. Ал онымен қалай жұмыс істеу керегін тегін үйретеміз, дейді ғалымдар.


https://kaz.tengrinews.kz/damu/kazakstan-galyimdaryi-3D-printer-jasap-shyigardyi-262915/

"Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ технологияны коммерциялау үшін «3DInnovations» ЖШС-ға 4,3 млн теңге көлемінде грант тағайындады. Компания 3D принтерлерін шығарумен айнылысады, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі. 3D принтерінің прототипі RepRap (Replicating Rapid Prototyper) технологиясын іске асыру үшін жасалмақшы. Құрылғы компьютермен жинақталған модель негізінде өзіндік бөлшектерін жасай алады. Жоба авторлары ресейлік "Кипарис" стартабының тәжірибесін зерттеген. «Сонымен қатар біз "Сколково" инновациялық орталығында болдық. Ресейдің 3D принтер өндірісінің көшбасшысы Picaso3D компаниясының техникалық қызметкерлерінен кеңес алдық. Нәтижесінде құрылғыны жасау мен оны сату жолдары бойынша біліктілігімізді арттырдық", - дейді «3D Innovations» ЖШС директоры Игорь Насонов. Айта кетерлігі, аталған құрылғылардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін ең басты қасиеті оның өзіндік бағасы. Өйткені, АҚШ, Еуропа мен Қытай өнімдерінің бағасы арзан болуымен қатар, оларды құрастыру уақыты да жылдам көрінеді. Қазіргі таңда стартап айына 4 принтерге дейін шығара алады. Алдағы уақытта айына сегіз принтер жасай алатын деңгейге жетпек.


https://egemen.kz/article/kazakstanda-3d-printer-zhasalady
Террранова неге маған жауап берген жауабыңызды алып тастағансыз?. Қайтадан қоюыңызды сұраймын?.
Сізге қажет емес дүниені қойып қайтемі.
...