0 дауыс
797 көрілді

Мен жақында Астанаға ЕХРО көрмесіне баратын едім, соған ерекше естелік ретінде не сатып алуға болады? Өз ойларыңызбен бөлесесіздер ме?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Халықаралық көрмеден құрқол қайтпайсыз! Естелік ретінде сатып алуға болатын кәдесыйлар әзірлену үстінде. «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы әзірге бұл іске 40-тың ішінен озған 13 мекемені тартқан көрінеді. Олар 110 түрлі тауар дайындауға әзір. Бірқатары журналистерге көрсетілді. Арасында ойыншықтар, ересек пен балаларға арналған киімдер, жастықтар да бар. Көрмеге жауапты компания мұнымен шектелмек емес. Шараның символы бедерленген тауарлар түрін 200-ге жеткізеді. Сондықтан қатысуға ниетті мекемелердің өтініштерін әлі қабылдау үстінде. Кәдесыйлар сәуір айынан бастап саудаланады. Басым көпшілігі Астана мен Алматы қалаларында, сондай-ақ электронды түрде берілген тапсырыстар арқылы сатылады.



https://1tv.kz/kz/?p=12557

...