0 дауыс
73 қаралды
Ассалаумағалейкум! Менің шашым 16 жасымда ағара бастады. Қазір жасым 33 те шашымның 75% ағарған. Достарым, Құрдастарым, Сыныптастарымның шаштары əлі ағармаған. Қастарында жүруге ұялам ақ шашпен. Бір емі барма? Дəрі дəрмек, Витаминдер болса жақсы болар еді.
Халықтық емдеу сұрақ қойды
өңдеді | 73 қаралды

2 жауап

0 дауыс

Қазіргі таңда ағарған шаштың алдын алуға бола ма деген сауал көп адамның көкейінде жүрген мәселе. images

Ертеректе ақ шаш даналықтың, ақылдылықтың белгісі деп саналып, адамдарға ақ шаш қартайған шағында пайда болатын. Ал бүгінгі таңда ақ шаш қартайған адамдарда ғана емес, жас адамдарда да пайда бола бастады. Әрине, ағарған шаштың алдын алуға болады. Ол үшін адам шашында ақ шаштың пайда болу себептерін анықтау керек. Ең алғашқы жиі кездесетін себеп, адамдар 40 жастан асқан соң шашына ақ түсе бастайды, әр адамның қартаю жасы әрқалай. Ақ шаштың пайда болуының басқа себептері: дәрумендердің жетіспеуі (әсіресе В12), күйзеліс, уайым, депрессия, қалқанша бездің ауруы, үйлесімсіздік, шылым шегу, тұқым қуалаушылық т.б.


Халықтық әдістер арқылы ақ шаштан қалай құтылуға болады?


1. 100 г ірімшік алыңыз. Оған 1 г қара бұрыш қосыңыз. Жақсылап араластырып, шашыңызға, бас терісіне жағыңыз. 1 сағат ұстап, жылы су мен сусабынмен жуып тастаңыз. Жақсы нәтиже көру үшін, бұл әдісті аптасына бір рет жасап тұру керек.


Масканың артықшылықтары:


қайызғақты кетіреді;


шашыңыз жұмсақ әрі жібектей бола түседі;


шашыңызға түс беру мүмкіндігі бар.


Әдіске сүйене отырып, сіз шашыңыздың түсін сақтап, жаңа ақ шаштың пайда болуын баяулатасыз. Бірақ, жөтел мен суық тию кезінде қолданбаған жөн. Өйткені, ірімшіктің суытқыш әсері бар.


2. Күнжіт майы мен зәйтүн майын 1:1 көлемде бөтелкеде араластырыңыз. Бұл қоспа шашты ұзын, қара, қалың әрі жылтыр етеді. Бұл шаштың ағаруы мен түсуінің алдын алатын бірден-бір әдіс.


3. 200 г суды қайнатып,оған 4 ас қасық құрғақ жалбызды салып, 2 сағатқа қалдырыңыз. Суытып, сүзіп, 25 мл глицерин мен бірнеше тамшы Е дәруменін қосыңыз. Дайын болған қоспаны бас терісіне жақсылап жағыңыз, біраз уақытқа қалдырып, артынан жуып тастаңыз. Нәтижесін көру үшін бұл әдісті күнде қолданыңыз.


4. Басыңыздың терісіне сиыр сүтінен алынған маймен аптасына 2 рет массаж жасаңыз.


5. 1 қасық ас тұзын 1 стақан қою қара шайға қосыңыз. Шашыңызда 1 сағат ұстап, жуып тастаңыз. Бұл әдісті 10 күнде бір жасаңыз.


6. Шие шырыны мен шие езіндісі шаштың ағаруын баяулатады. Бас терісіне, шашқа жағып, жылы орамалмен орап, 1 сағатқа қалдырыңыз.


7. Шаштың ағаруына кокос майы бөгет бола алады. Ол үшін күнде жатар алдында кокос майын бас терісіне массаж жасай отырып жағыңыз. Ертесінде жумай, кешкісін қайта жағып, келесі күнге қалдыруыңызға болады.


8. Алма сірке суы мен суды 1:1 қатынаста алып араластырыңыз. Онымен шашыңызды жуып, орамалмен орап, жарты сағатқа қалдырыңыз. Артынан су сабынмен жуыңыз. Бұл әдісті бірнеше ай қолданыңыз. Егер шашыңызды үнемі бояйтын болсаңыз, бұл әдісті қолданбауыңызға кеңес береміз, өйткені сірке суы шаш бояуымен әрекеттесуі мүмкін.


https://everything.kz/article/5999736-shashyyz-erte-aarsa

Мұғалім жауап берді
Рахмет жауабынызга. Бирак ен пайдалысы кайсысы. Натижеси бары. Коби пайдаланатын
0 дауыс
Мен саған Ақ шаш туралы айтқан молдалардың уағыздарын тыңдауды кеңес берем
жауап берді

Сіздің жауабыңыз

Есіміңіз:
Құпиялық: Email поштаңыз тек сізге хабарлама жіберу үшін ғана қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Он бірге бесті қосыңыз?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
2 жауап
Ahnur Жаңа қолданушы Халықтық емдеу сұрақ қойды | 542 қаралды
0 дауыс
3 жауап
Белгісіз Денсаулық, Әдемілік сұрақ қойды | 650 қаралды
Сұрақ қою

115,445 сұрақ
292,211 жауап
152,627 пікір
58,691 қолданушы