0 дауыс
295 көрілді
Қалай ойлайсыздар неге қазақ тіліндегі интернет жоболар аз және оларды қарайтын адамдардың саны орыс тіліндегіге қарағанда біздің мемлекетте өте аз, әлде орыс тілінде мағұлмат алу оңайырақ па?

Мысалы еліміздің ең үлкен жаңалықтар Nur.kz сайтында орыс тіліндегі мағұлматтарды барі қарайды ал қазақшаны санаулы адам ғана.

Озімнен, қазіргі кезде желіде вк, телеграмм желілерінде орыс, ағылшын тілінде бот - тар сән болып жатыр, менде оз үлесімді қосып қазақша бот жасауға тырыстым vk.com/kazzbot әзірше бот толық жұмыс жасамайд бірақ болашақта бүкіл деректер толықтырамын деген ойдамын, сіздерде оны маған жасауға көмек берсеңіздер болады, әлде өз ойларыңызды білдертіңіз.

Рақмет

3 жауап

0 дауыс
Фейсбуктегі адамдармен талқыласашы сол жерде қазақтардың
Қазақтар көп отырады.
0 дауыс
БОЛСА АРИНЕ ЖАКСЫ
0 дауыс

“Telegram” жайлы бір рет болса да естіген шығарсыз. Бұл мессенджердің басқа мессенджерлерден артықшылығы қандай? Назарларыңызға пайдалы 5 телеграм-боттың тізімін ұсынамыз.

Telegram-да барсыз ба? Әлі тіркелмесеңіз, тезірек тіркелуге кеңес береміз. Бұл мессенджердің басты мақсаты – қауіпсіздік. Ал ерекшелігі – пайдалы каналдар мен боттар. Каналдар туралы естігеніңізге сенімдіміз, бірақ боттар жайлы көп айтыла бермейді.

Бот дегеніміз не?

Бот – робот немесе бір IT маманының қиялынан туған алгоритм жүйесі. Енді сіз тірі адаммен емес, роботпен сөйлесесіз, керегіңізге жауап табасыз. Тіпті бір боттың арқасында телефоныңызда орын алып тұрған бірнеше мобильді қосымшадан құтыласыз.

Бірінші ұсынатын бот Instant View технологиясына арналған. Instant View – мақала, жаңалық, блог немесе кез келген тексті оңай оқуға арналған технология. Ерекшелігі сайттағы артық нәрселердің бәрін алып тастап (жарнаманы да), тек тексті оқуға ыңғайлы етеді. Бұл бот сіздің кез келген мақалаңызды Instant View-ге айналдырып береді. Тек мақаланың сілтемесін жіберсеңіз болғаны. Сонымен қатар оқығыңыз келетін мақалалардың сілтемесін интернет бар кезде жіберіп қойып, интернетсіз немесе метрода болған сәттерде ашып оқуға мүмкіндік бар.

Music Downloader – музыка жүктеуге арналған бот. Қалаған музыкаңыздың сілтемесін көрсету арқылы, қалаған аудионы жүктей аласыз. Бұл telegram-bot тек Youtube және Soundcloud сервистерімен жұмыс жасайды.

Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз. 
...