+1 дауыс
733 көрілді
Ұлым  01.01.2000 жылы дүниеге  келіп, өзіңіздің  жаңа ғасырдың  балдары  деп  берген 100000 тг  нің баласы. Сіздің  қазақтың  кең даласындай  дархан пейіліңіз  арқасында  туылған  кезде  100000 тг алдық , ол үшін де сізге алғысымыз  шексіз. Біз Оңтүстік Қазақстан  облысы  Кентау  қаласының  тұрғынымыз.Ұлым Жұмабаев  Мəдияр Бахтиярұлы  " білім  инновациялық  лицейінің"  биылғы  2017  жылғы  түлегі.  Сабағы  жақсы  3 деген бағамыз жоқ. Назарбаев Университетіне  емтихан  тапсырып еді 2- турда 2 балл жетпей қалды. Таңдаған мамандығы  қос шеттілі. 21.06.2017 жылы  Кентау қаласында N19мектепте  ҰБТ тапсырды  бір күн бұрын  алдында  үлкен сынақ тұрғанын  сезінген балам  уайымдады. Өзінің  аздап денсаулығы да  керемет емес бірнеше диагнозбен  учетта  тұрады. 21 .06.2017 ж ҰБТ ға  кірген балам  бейіндік  екі  пəнінің  орындарын  ауыстырып  белгілеп  қойыпты  сол себептен  57  балл жинап қалды. Тарих пен  ағылшын  тілінің  секторларын   ауыстырып алғанын  қате өзінен  кеткенін  кейін  білді. Енді  өзін өзі  қоярға жер таппай өз біліміне  сеніп жүрген ұлым болмашы  нəрседен қателескенін білгенде шырылдағанын көрген адамның жаны ауырмай тұрмас. Мен анасы  ретінде  ұлыммен бірге  өліп тірілгендей  болдым. Балам əлі есін жияр емес   себебі бізге  ауыртпашылығын  түсіргісі келмейді , мен қарапайым  педагогпын,  əкесі жұмыссыз  үш  перзентіміз бар.  Бізбен  бір отырып сөйлесуден, дастархан басында қосылып ас ішуден қалды мен күні түні  соңынан жүрмін  аңдысып,себебі қазіргі  балалардың  психологиялық ахуалын  білесіз ата ана ретінде қорқамыз. Сізден  өтініш  жасап отырған  себебім қандай да  бір көмек болар ма екен  ең болмағанда қайта  тапсыруға   рұқсат  болса, не болмаса  басқа  тағы қандай  ақыл қосар екенсіз.

1 жауап

0 дауыс
Dana Ospan

Қиын жағдай.... Қайта тапсырып көруге болатын еді ғой.... шілдеде

24 Маусым, 15:12 · Ұнату1Жауап беру · Жою

Гульмира Мырзекенова

Тамызда кайта тапсыруга мумкиндиги бар

24 Маусым, 17:14 · Ұнату1Жауап беру · Жою

Мейрамгүл Барқазатқызы

Бұл ҰБТ дүниенің соңы емес, білімі жақсы екен, қайта тапсыру мүмкіндігі бар. Ақылды балалар ғой, жөнге келер, бізден сəлем айтыңыз. Бəрі жақсы болады.

24 Маусым, 18:10 · Ұнату1Жауап беру · Жою

Нурдаулет Кудабаев

Қайта тапсыруға болады! Мүмкіндіктің бəрі алда! Өмірде қателескен пенде ғана алға қадам басады, кім қателеспейді, не қателік жасаудан қорқады, ол ештеңе үйренбейді деген. Сондықтан балаңызға түсіндіруге тырысыңыз, сен үлкен бір кедергіден өттің, бірақ бұл кедергі болашағыңа жол ашты деп. Əрбір адамда үлкен қателік болады, ол біреуге ерте, біреуге кеш келеді. Сондықтан жігерлі болсын, ер бала гой! Сəттілік тілеймін! Отбасыңыз аман болсын! Ақ жол!
...