0 дауыс
4.7k көрілді
"С.Торайғыровтың саяси идеялық лирикасы" тақырыбына шығарма керек?

1 жауап

0 дауыс
С.Торайғыровтың лирикасы сан алуан: мазмұны терең, тақырыбы бай. Өзінің лап етіп жанып, өрттей лаулаған қысқа өмірінде ақын талай-талай кезеңді белестерден өтті; басын тауға да ұрды, тасқа да соқты, тыным таппай болмыс шындығын іздеп шарқ ұрды, халқына адал қызмет ету жолында кей сәтте сара жолдан адасты да, бірақ ұзаққа алыстап кетпей, өз ортасына тез оралып, қараңғы түнекте жатқан елінің көгіне «Өрмелеп шығып күн болуды» арман етті. Сонымен С.Торайғыров поэзиясының ішіндегі ең бір мол саласы әлеуметтік сарыны басым өлеңдері деуге болады. Бұл топқа: «Түсімде» (1913), «Бұлар кім?» (1913), «Кешегі түнгі түс, бүгінгі іс» (1913), «Бір балуанға қарап» (1913), «Ендігі бет алыс» (1914), «Тұрмысқа» (1914), «Айт» (1914), «Көшу» (1914), «Бір адамға» (1914) тәріздес шығармаларды қосуға болар еді. Сұлтанмахмұт Торайғыров өмір сүрген кездегі ең күрделі мәселелердің бірі - әйел теңдігі. «Қыз сүю», «Гүләйім», «Жан қалқам” Сұлтанмахмұт өзінің көңіл-күйін: қуанышы мен қайғысын, мұңы мен назын, сүйінуі мен күйінуін өте шебер және нәзік етіп шерте білетін сыршыл, лирик ақын. Ақынның «Лағнат бұлты шатырлап», «Келді хатың мен шаршап», «Алты аяқ», «Күңгірт түспен ойға батып», «Ей, махаббат, ей, достық», «Дүниедегі қызықтың» деп аталатын өлеңдері де оның әр жағдайдағы көңіл күйін білдіреді.

Ақынның оқшау тұрған шығармасының бірі – «Шәкірт ойы» деп аталатын шағын өлеңі. Бұл өлең Сұлтанмахмұттың осы алуандас тақырыпқа жазған бір топ шығармаларының жиынтық қорытындысы деуге болады. Өйткені ақынның оқып, білім алып,есейген шағында өзінің алдына қойған негізгі арманына қорыынды жасағанын мына бір жолдардан айқын көреміз. Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып, күн болам! Қараңғылықтың кегіне Күн болмағанда, кім болам? Мұздаған елдің жүрегін, Жылытуға мен кірермін! 1913 жылы жазған шағын бір өлеңінің тағы бір шумағын оқып көрелік: Мен – балаң, жарық күннен сәуле қуған, Алуға күнді барып белді буған. Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін, Болмасам толған айдай балқып туған.

С.Торайғыров шығармаларының көркемдік ерекшелігі Сұлтанмахмұт шығармаларын түгелдей алып қарасақ, араб-фарсы, орыс, татар сөздері едәуір кездеседі. Сонымен бірге ақын қазақ халқы бай ауыз әдебиетінің айшықты сөздерін кейде қаз қалпында, кейде аздап өңдеу-өзгертумен кеңінен пайдаланылғанын өкреміз. Бірнеше мысалдар келтірерлік: «Болса да қырық жыл қырғын ұмытпаспыз», «Әркімнің өз аузына қолы жуық», «Жазмыштан озмыш болмас», «Халық айтса қате айтпайды», «Жас жастың тілеуі бір», «Қарға адым жер мұң болар», «Болса да аузы қисық сөзі дәрі», «Данышпан ел көркейтер ерім осы», «Өз етігің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда?», «Белбеуге түйіп алып беттің арын», «Қорлыққа ұрлық түбі айналмас па?», «Періште болса-дағы жолдан таяр», «Жесір ерден кетсе де, кетпес елден» тағысын-тағылар. Сұлтанмахмұт өзінен бұрын өткен ақын иелерінің сөздерін де пайдаланып отырады: «Адам – құл, өзін жеңіп ұстамаған, деген бір Сократтың бар нақылы», «Дүние бос, махаббатсыз мал секілді, деген сөзін Абайдың есіңізге ал», «Надсонның айтқанындай: Жауыз жолмен жүре алмай дымы құрыр онан әрі, талған күш, ауырған жан, қиналған тән, дертіне жақындықты етер дәрі» т.б
https://infourok.ru/sltanmahmt-torayirov-shiarmalarini-krkemdik-ereksheligi-542591.html
...