0 дауыс
52.7k көрілді
Қыздарға қандай мамандық жақсы. Жұмыс табылатын мамандық керек.  Дәрігер, мұғалімнен басқа.

6 жауап

0 дауыс
Аудармашы. Бірнеше тіл білетін қыздар қиналмай-ақ осы мамандықты таңдай алады.
Туризм менеджері. Жылдан-жылға шетелге шығып демалатын отандастарымыздың саны көбеюде. Байқасаңыз, туризм саласында көбіне жастар жұмыс істейді. Еңбек жолын осы саладан бастасаңыз болады.
Стилист-косметолог, визажист, сұлулық салонының қызметкері. Сурет салуға бейім, бояуды ұнататын, талғамы жоғары қыздарға арналған мамандық.

Дизайнер. Бұл мамандық ауадай қажет. Әр үйдің әрін ашатын дизайнерлер жоғары бағаланады.
PR менеджер. Олар тауардың халық арасында таралуына жауап береді.
Стюардесса. Бұл мамандыққа жасы 35-ке дейінгі, киім өлшемі 46-ға дейінгі, бойы 160-175 см болатын, ағылшын тілін білетін, әдемі қыздарды таңдайды.
Тігінші. Олар қаржыны жақсы табады деуге болады. Тек жұмысыңызға шығармашылықпен келіңіз.
Шаштараз. Олар үйде отырып-ақ көрші-көлемнің шашын қиып, ақша таба алады.
Фотограф. Кәсіби, дарынды фотографтар әрқашан сұранысқа ие.
Банк қызметкері. Мансапты көздесеңіз, банкке барыңыз.
Фитнес тренері. Арулар өз сұлулығынан ештеңе аямайды. Сондықтан фитнес тренері әрдайым сұраныста.
Хатшы. Компанияның барлық құжаты хатшының қолынан өтеді. Екінші сөзбен айтқанда, ол – директордың оң қолы.

Дәрігер. Дәрігерлер адамның басты байлығы – денсаулыққа жауап беретіндіктен, әрдайым жоғары тұрады. Табысы да қомақты.
Бухгалтер. Бұл мамандыққа математиканы жаны сүйетін қыздардың барғаны жөн.
https://massaget.kz/okushyilarga/jogargyi_syinyip/26931/
0 дауыс
Дәрігер,Бухгалтер,журналист,актриса,мұғалім,аудармашы,дизайнер,тігінші,менеждер,банк қызметкері,сұлулық салонының қызметкері,шаштараз тб
0 дауыс
экономика жагын окымайсынба кейін депутат боласын
0 дауыс

Мамандық таңдағанда оның болашағын да ойлау керек. Себебі технология тез дамып келе жатыр, соның салдарынан бүгін керек мамандық ертең қажетсіз болуы мүмкін. Сол себепті болашағы бар саланы таңдауға кеңес беремін.

Мысалы, елімізде инженерлік мамандықтарға, дәрігерлерге, сервис қызметкерлеріне, ақпараттық технология, экология, логистика саласындағы мамандарға деген сұраныс жоғары, әрі оларға қажеттілік те күн сайын артып келеді. Болашағы бар басқа да мамандықтар туралы толық ақпараттымына жерден оқуға болады.

0 дауыс
Мен оз басым еңбек мұгалімі боламын. Ең жақсысы осы еңбек пәні мұғалімі...
Сізде болыңыз әріптес болып қалармыз..
0 дауыс
Мен кім болам білией жүрмін маған көмек керек
...