0 дауыс
589 көрілді
Қазақстанға қазіргі таңда қандай шетелдік тәжірибе керек?

1 жауап

0 дауыс

Қазақстанда Ұлттық кәсіпкерлер палатасы неліктен құрылды деген сауал көпшіліктің көкейінде жүр. Бұл тәжірибені шетелдер баяғыдан қолданып келе жатқанын, оның үстіне осындай ұйымдарды құрғаннан кейін кез-келген елдің экономикасына еш залал келмегенін айта кету керек. Бірыңғай одақтар мен палаталардың құрылу тарихы, сондай-ақ олардың тиімділігі жайлы бірер сөз.

1. Түркияның Палаталар және биржалар одағы (ТОВВ) 1950 жылғы 8 наурызда құрылды. Түркияның Палаталар және биржалар одағы үкіметтік органдарда жеке меншік сектордың мүддесін ұсынатын, табыс табу мақсатын көксемейтін осы елдегі ірі үкіметтік емес ұйым болып табылады. Түркияның палаталары мен биржаларындағы мүшелік ұлттық заңнамаға сәйкес міндетті болып табылады.

365 өңірлік сауда, өнеркәсіптік, сауда-өнеркәсіптік, теңіз палаталары және тауар биржалары ТОББ мүшелері болып табылады.

Түркияның палаталар және биржалар одағы 66 елмен Түркияның Іскерлік кеңестерін біріктіретін өзінің құрылымдық бөлімшесі – Сыртқы экономикалық байланыс комитеті (DEIK) арқылы түрік өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлеріне сыртқы экономикалық және сауда қызметін дамытуда көмектеседі. Олардың бірі Түркия-Ресей іскерлік кеңесі болып табылады.

2. Германияның Сауда-өнеркәсіптік палаталар бірлестігі (DIHK/ДИХК) Германияның 80 аумақтық сауда-өнеркәсіптік палатасының бас ұйымы болып табылады. Ауыл шаруашылық және қолөнер, сондай-ақ еркін кәсіптегі тұлғалардан басқа ГФР барлық кәсіпорындары заңға сәйкес палаталар мүшесі болып табылады. Бүгінгі таңда бұл шамамен 3,5 млн. кәсіпорын.

Атап айтқанда, мемлекет ДИХК ұйымына шетелдегі неміс кәсіпкерлеріне қолдау көрсетуге арналған Германдық сыртқы сауда палаталарының (Auslandshandelskammer – AHK/АХК) қызметін басқаруды жүктегенмен, түптеп келгенде бұл федералдық экономика және сыртқы істер министрліктерінің құзыретіне кіреді. Шетелдегі германдық бизнестің бұл өкілдіктері (80 елде 120 өкілдік) ГФР-дегі кәсіпкерлердің бірлестіктерімен өзара әрекеттеседі, неміс фирмаларының мүддесіне қолдау көрсетіп, өркендетеді, ақылы консультациялық қызмет көрсетеді, кадрларды даярлаумен айналысады. 

3. АҚШ Сауда палатасы (АҚШ СП) 1912 жылы жалпы американдық көлемде мүдделерін қорғау мақсатында жергілікті сауда палаталары мен АҚШ жетекші компанияларының күштерін біріктіру үшін құрылған. 700 фирма мен ұйым оның бастапқы мүшесі болған. Қазіргі таңда АҚШ СП құрамына 3 миллионнан астам компания, жекелеген штаттар мен муниципалдық құрылымдардың 3 мыңға жуық сауда палатасы, 830 қауымдастық және шетелдердегі 111 американдық сауда палатасы кіретін әлемдегі ең ірі ұйым болып табылады. АҚШ СП орындайтын негізгі міндет – АҚШ Конгресі, АҚШ Әкімшілігі, реттеуші органдар, соттар, қоғамдастықтар мен шетелдік үкіметтер алдындағы американдық іскерлік қоғамдастықтың мүддесін алға тарту.

АҚШ СП штаб-пәтері Вашингтонда орналасқан. Онда экономиканың түрлі салаларындағы 400-ден астам жоғары білікті маман, лоббистер мен заңгерлер жұмыс жасайды. АҚШ СП АҚШ-та 7 өңірлік кеңсесі бар, үлкен кеңсесі Брюссельде (Бельгия) және Қытайда өкілдігі бар.

АҚШ СП жанында бірқатар ұйымдар жұмыс жасайды:

- Азаматтық іскерлік бастамалар орталығы;

- Халықаралық жеке меншік кәсіпкерлік орталығы;

- Капитал нарықтарының бәсекеге қабілеттігін қолдау жөніндегі орталық;

- Зияткерлік меншіктің жаһандық мәселелері жөніндегі орталық;

- Халықаралық бөлім;

- Еңбек өнімділігін көтеру жөніндегі институт;

- Құқықтық реформалар жөніндегі институт;

- АҚШ СП Ұлттық қоры;

- Саяси бағдарлама;

- Жергілікті палаталарды қолдау және жер-жерлердегі мамандардың біліктілігін көтеру бағдарламасы;

- Шағын және орта кәсіпкерлік форумы.

АҚ СП басшылығын Президент Томас Донохью бастаған Директорлар кеңесі жүзеге асырады. Сыртқы нарықтардағы американдық бизнестің қызметімен байланысты мәселелерге халықаралық істер жөніндегі аға вице-президент Майрон Бриллиант жетекшілік етеді. Еуропа және Еуразиямен қатынастар жөніндегі вице-президент – Гэри Литман.

АҚШ Сауда палатасының халықаралық байланыстарды дамыту жөніндегі жұмысын Халықаралық бөлім жүргізеді. Қызметкерлер арасындағы міндеттемелерді бөлу географиялық қағида және шетелдегі американдық фирмалардың қызметіне қатысты мәселелер төңірегіндегі тақырып бойынша жүзеге асырылады:

Экономикалық ынтымақтастық шарттарын стандарттаудың жаһандық жобалары;

Зияткерлік меншік проблемалары;

Бәсекелестік саясат мәселелері;

Мемлекеттік кәсіпорындармен ынтымақтасу, салаларды субсидиялау, нарықтық механизмдерді мемлекеттік шектеу проблемалары;

инвестициялық саясат;

стандарттар;

мемлекеттік сатып алулар.

АҚШ СП көп жақты мемлекеттік ұйымдармен ынтымақтастыққа ерекше қызығушылық танытады. Оған АҚШ-Еуропа Одағы саммиттері, АТМЭО және  «Үлкен Сегіздік» отырыстары мысал бола алады. Еуроазиялық өңірде АҚШ СП Қара теңіз экономикалық ынтымақтастық ұйымының қызметіне біршама тығыз араласу туралы мәселені қарастыруда.

4. Британ Бизнес палатасы дегеніміз – Ұлыбританияның сауда-өнеркәсіптік палатасы (British Chamber of Commerce and Industry). Бизнес палата – бұл мемлекеттік емес коммерциялық емес ұйым. Оның негізгі міндеттері бизнес үшін жағымды жағдай жасау, коммерцияның барлық бағыттарының, Англия бизнесмендерінің басқа елдер бизнесмендерімен сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық байланыстарының дамуына жан-жақты көмек, сондай-ақ Ұлыбританияның мемлекеттік құрылымдарында және түрлі әлемдік қоғамдастықтарда Палата  мүшелерінің құқықтарын қорғау және заңды мүдделерін алға тарту болып табылады.

Ұлыбританияның Сауда-өнеркәсіптік палатасы британдық бай салт-дәстүр мен әлемдік бизнес тәжірибесіне сүйене отырып ұлттық және әлемдік экономиканың дамуына жан-жақты жәрдемдеседі. British Chamber of Commerce and Industry 1884 жылы негізі қаланған және Лондонда, Манчестер мен Бирмингемде штаб-пәтері бар. Сауда-өнеркәсіптік палата коммерциялық компаниялардың жыл сайынғы каталогын шығарып отырады. Онда компаниялар қызметтері мен бағалары сипатталып, тек өз мүшелерінің арасында ғана таратылады. Палатаның өз сенімді заңгерлері мен бизнес консультанттары бар.

Тәжірибелі мамандар компания қызметінің бағыттарын, нарық ерекшеліктерін және басқа да көптеген өлшемдерді басшылыққа ала отырып, компаниялардың әлеуетті серіктестер таңдауына көмектеседі. Ай сайын бизнес элита кездесулері өткізіліп тұрады. Онда жүздеген бизнесмендер бір-бірімен танысып, өз компанияларын таныстырады. Манчестердің Сауда-өнеркәсіптік палатасы құрамы жағынан ең көп ұлтты болып есептеледі.

Бизнес Палатаға мүшелік – бұл компанияның британ нарығындағы алғашқы маңызды қадамы. Бұл әлемнің 49 елінен шыққан салмақты әлеуетті серіктес арасындағы компанияның жарнамасы ғана емес, сонымен бірге сіздің Ұлыбритания нарығына салмақпен және ұзаққа келген компания екендігіңізді түсіндірудің мүмкіндігі де.

Бизнес палатаға компанияның кіруі бойынша қызметтер тобы мынадай болуы мүмкін:

• Chamber of Commerce and Industry-да мүшелікті рәсімдеу;

• компанияңыздың презентациясын ұйымдастыру және өткізу;

• компанияңыздың қызмет саласына қарай және Палата сарапшыларының ойын ескере отырып әлеуетті серіктестерді іздеу;

• Ағылшын және әдемдік бизнес элитаның ай сайынғы кездесулеріне баруды қоса алғанда, Бизнес палатаның іс-шаралары жұмысына да бұдан арғы ат салысу.

Chamber of Commerce мүшелігінің құны – компания көлемі мен маңыздылығына қарай айына £ 560 басталады. 

Компанияның Бизнес палатадағы өкілдігінің құны – айына £ 680 басталады және компанияңыздың таңдаған Палата жұмысына қатысу нұсқаларына байланысты болады.

Толығырақ: https://atameken.kz/kk/news/9705-9705

...