0 дауыс
729 көрілді
Жамбыл облысы, Талас ауданы, Д.А.Қонаев атындағы орта мектебінің ұжымы атынан сізден сұранарымыз, мектеп директоры Д.Битенова бізге директор болып келгелі бері мектебіміздің ұжымын сыйламай, әрдайым дөрекі сөйлеп, мектеп мұғалімдерінің ар-намысына тиетін сөздермен балағаттап, сонымен бірге түрлі комиссияларды айтып, соларға байланысты бітпейтін ақша жината береді. Ақша беруден бас тартқан сондай-ақ айтпаған сөздерді айтты деп, «шетіңнен жиналып алып, өсек айттыңдар «-деп айыптап (үнемі), мұғалімдердің жұмысына психологиялық қысым көрсетіп, болмайтын сылтаулармен артына түсіп алды. Бұл деген қызмет бабын асыра пайдалану емес пе, мектеп жиналыстарын өз деңгейінде өткізудің орнына төмендегідей сөздерді қолданып, өз бетімен талқылау жасап кетеді: «Сендердің қолдарыңнан не келеді, маған ен істей аласыңдар, өңшең тобырлар»- деп бізді адам қатарына санамайды. Бар, арыз жазыңдар, маған не істей аласыңдар, қолдарыңнан түк келмейді,- дейді.

Мысалға айтар болсақ: 2016-2017 оқу жылында жинаған ақшалар:

1. 5000 теңге ремонтқа 2016 жылы июнь айында

2. Рәміздерге комиссия келе жатыр деп 3000 теңге

3. Қыркүйекте тарификация деп 5000 теңге

4. КРУ деп 5000 теңге

5. КТК телеарнасы 5000 теңге

6. 20 адамның тізімін жасап 200000 теңге жасап алды, кәмелетке толмаған мектеп оқушысы жыныстық қатынасқа түскені үшін , істі қозғаған тергеушінің істі облысқа жеткізбеуі үшін деп, 10000 теңгеден жинап алған.

7. Облыстық комиссияға деп 2000 теңге

8. Облыстық семинар деп 2000 теңге

9. Наурыз мерекесіне 2000 теңге

10. 1 мамырға 1500 теңге

Осындай ақша жинастан үй ішімізде кикілжіңдер туып қалады, неғып бітпейтін ақша жинастар. Айлығымыз әр айда әр түрлі түсіп отырады, нақты айлығымыздың қанша екенін біле алмаймыз, квиток бермейді. Бухгалтер Кәрібозов Ж.-ға барсақ айлықты дұрыстап есептеп бермейді. Осы ақша жинаулардың қаншалықты Қазақстан Республикасының заңында заңды екенін бізге анықтап түсіндіріп берсеңіз. Осы 18 мамыр 2017 жылы мектеп директорының қысымымен өзіміз түсінбеген бір сақтандыру компаниясына деп барлығымызға қол қойдырып және қол қоймағандардың да артынан айлықтан 5700 теңге ұстап қалды.

Біздің ұжыммен сақтандыру компаниясының ортасында ешқандай келісім шарт жоқ, қолымызға ешнәрсе берген жоқ. Келісім шарт сұрасақ, келісім шарт білім бөлімінің басшысы К.Қожатаеваның атынан ғана жасалынды деп айтады, сонда қалай білім басшысы аудан мұғалімдерінің денсаулығына жауап бере ала ма? Біздің ұжымда осындай заңсыз әрекеттерден Д.Битенова жасап жатқан іс-әрекеттерінен шаршадық. Д.Битеноваға Қазақстан Республикасының заңы жүрмей ме? Біз ұжым емес қазіргі таңда Д.Битенованың құлдығында жүргендейміз. Осы заңсыз әрекеттерді айтуға ұжымның жартысы қорықса, жартысы ұялып, сыйлап келді. Қонаев ұжымына ұят келмесін деп, бірақ оны түсінген мектеп директоры Д.Битенова жоқ. Осыған маған көмек беріңіздерші жоғарыға жеткізіңіздерші өтініш

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз

Ұқсас сұрақтар

...