0 дауыс
2.4k көрілді
Салеметсіздерме сіздерден сұрайын дегенім бар еді менің хайызым сәуірдің 29-ында келген 6 күн осы айда келетін уақытынан кешікті сосын келмеген соң тест алып қарадым екі сызық болып тұр бырақ астыңғы сызығы белгісіз өшкіндеу боп тұр сонда менің аяғым ауырма қалай ойлайсыздар

1 жауап

0 дауыс

Әйел жүкті боп қалғанын, дәрігерге бармай-ақ, өзі біле ала ма? Әрине, біледі. Өйткені бала бітудің бірнеше айқын белгілері бар. Солардың бірі - етеккірдің тоқталуы. Бірақ, етеккірдің көрінбей кетуі тек бала көтерудің белгісі бола бермейді. Жүктіліксіз-ақ оның тоқтап қала беретін кездері болады. Мұндай жағдай жыныс мүшелерінің немесе ішкі органдардың бірінің ауруының салдарынан орын алады. Кейбір екіқабат әйелдерде алғашқы екі-үш айдың ішінде етеккір сол бұрынғы мерзімді уақытында келіп тұрады. Әйел бала емізіп жүріп те жүкті бола береді, ал бұл уақытта әдетте әйелдердің көпшілігінде етеккір көрінбей кетеді.

Етеккір тоқтауынан басқа, әйелдің дәм талғамының өзгеріп, ащы, қышқыл тағамдарға құмар болуы, кейбір тамақтан мүлдем шығып кетуі, дүркін-дүркін жүрегі айнып (көбінесе таңертеңгісін), кейде құсып та жіберетіні - жүктіліктің тағы бір белгісі.

Болашақ баланы емізу әзірлігіне байланысты, екіқабат кезінде әйелдің омырауында ерекше өзгерістер болады. Ол толысып, үлкейіп, дөңестенеді және төңірегі дөңгелене қарақошқылданып кетеді. Емшек бездерінің ішіне уыз жиналады. Кейде әйел өзінен уыз шығып кеткенін сезіп қалады.

Баланың өсуіне қарай жатыр да өсіп, іш пен көк еттерді май басқандықтан, әйелдің қарын аумағы үлкейіп кетеді. Сондықтан оның дене сымбаты өзгеріп, бұрынғыдан үлкенірек көрініп тұрады.

Өзгеріс теріде де, әсіресе іш терісінде болады. Іштің ақ сызығын бойлай қоңыр түсті «жүктілік сызаты» түседі. Әдетте бұл дақ босанғаннан кейін өзі-ақ кетіп қалады.

Екіқабат кезінде әйелдің ішкі секреция органдарында болатын өзгерістер оның бетіне де белгі береді. Жүкті келіншектің мұрнының үстінде, бетінде көлемді қара қошқыл пигментті дақтар пайда болуы мүмкін.

Дегенмен, бұл айтылған белгілер әйелдің жүкті болған-болмағанын дәл білу үшін әлі де болса жеткіліксіз. Мысалы, жүрек айну мен құсу, сондай-ақ теріде дақтардың пайда болуы өт жолдары мен бауыр ауруының нышаны болуы мүмкін. Себепсіз дөңгеленіп семіру, омыраудан уыз шығуы ағзадағы гормондардың тепе-теңдігі бұзылғанда да орын алады.

Қазіргі уақытта жүктілікті тексеретін тест жолақшалары дәріханаларда сатылады. Дегенмен, олардың да кейде дұрыс, кейде бұрыс көрсететіні тәжірибе жүзінде дәлелденіп отыр.

Қорыта келгенде, әйел өзінің жүкті болғанын сезсе, дәрігер немесе акушерге қаралып, арнайы зерттеулер арқылы нақты көз жеткізгені абзал.


http://ak-kelin.kz/densaulyk/88-zhuktiliktin-belgileri.html

...