əуелі айтып қояйын, Үйсін туралы Н. А. Аристовтың: «Үйсін, қате болжам, сəуегейлік пікірді сенің маңдайыңа жазып қойды-ау! Қате пікірден арыла алмадың- ау!» дегені шындықболғандықтан, «Кіріссөздің» жүгі ауыр, көлемі кеңдеу. Басты тақырыпқа неғұрлым толығырақ дайындықпен барған жөн ғой. Бұған түсіністікпен қарайтыныңызға сенемін. Ал, ежелгі үйсіндер туралы өте маңызды мына үш нəрсенің барлығы рас:
1. Өзге ұлт (əсіресе хəн) жылнамаларындағы деректер мен өзіміздік шежірелер, əдебиеттер, аңыздар;
2. Бұл деректердің қытайлық (жұңголық) жəне қазақстандық ғалымдар жағынан қазақшаға тере аударылған əр түрлі нұсқалары;
3. Соңғы ғасырлардағы, өте-мөте бертінгі онжылдықтардағы ол туралы əр елдік ғалымдардың əр деңгейлі зерттеу нəтижелері. Алайда, бұлардың ішінде бір-біріне қайшы көзқарастар мен қалам ізі түспеген тұстардың аз еместігі де шындық. Сондықтан да, ежелгі Үйсін мемлекетінің, дұрыс ниетті жəне жауапкершілігі күшті нағыз ғалымдардыңбүгінге шейінгі зерттеулерінің дұрыс табыстарына таянған, неғұрлым толық таайқын, жүйелі де сенімді арнайы тарихы қатты қажет болып отыр. Мен міне сол тарихқа əлімнің жеткенінше үлес қосуға бұрылдым.
“Ежелгі үйсіндер туралы біздің дəуірімізге жеткен бірден-бір дерек көзі көне Қытайдың тарихи жазба деректемелерінде ғана сақталған. Оның үстіне ол мағлұматтар аз болса да саз дегендей, айқындығымен, жан-жақтылығымен жəне хроникалық даталарының дəлдігімен де аса құнды. Бұл деректерге Орталық Азия халықтарының ежелгі заман тарихын зерттеуші əлем ғалымдарының на- зар аударғанына да бір-екі ғасырдың жүзі болды... Жалпы, ежелгі Үйсін туралы зерттеулер соңғы бір жарым ғасырдан бері Қытай тарихшыларының назарынан түскен емес. ХІХ ғасырда өмір сүрген Хы Чютау, ХХ ғасырдың орта шенінде Жаң Шиман, Цын Жұңмян, онан кейінгі кездерде Су Бейхай, Уаң Биңхуа, Уаң Миңжы, Мың Фанрын, Яң Жяншиң, Лю Гуаңхуа, Ма Манли, Юй Тайшан, Жаң Юйжұң, Чын Шыляң, Қытайдағы қазақ тарихшыларынан Нығмет Мыңжанұлы, Жақып Жүнісұлы, Жақып Мырзаханов, Əбілез Қамзайұлы т. б. тарихшы-археологтар ежелгі Үйсін тарихы мен мəдениетін зерттеумен айналысты жəне айналысып келеді. ҚХР-да ежелгі Үйсіндерге қатысты Қытай деректері мен ғылыми зерт- теу еңбектерін қазақ тіліне аудару ісі де 80 жылдарда басталған болатын. 1987 жылы Байдəулет Аблаханұлы мен Го Уынчиң мырзалар ежелгі Қытайдың «Хəннама» атты жылнамасының «Батыс өңір баяны» деген бөлігіндег үйсіндерге қатысты деректерді қазақ тіліне аударып, «Батыс өңір жəне Үйсін мемлекеті» деген атпен жариялады. ШҰАР Қоғамдық ғылымдар академиясы Археология институтының археологтары Уаң Биңхуа мен Уаң Миңжы бірігіп жазған «Үйсін туралы зерттеу» атты монография 1989 жылы қазақ тіліне аударылып басылды (аударған проф. доктор Нəбижан Мұқаметханұлы). 1995 жылы ШҰАР Қоғамдық ғылымдар академиясының жанынан Жақып Мырзахановтың жетекшілігінде ғылыми жұмыс тобы құрылып, ежелгі Қытайдың «26 тарих» деп аталып кеткен тарихи жылнамаларындағы қазақ тарихына қатысты деректерді сұрыптап, қазақ тіліне аудару ісі қолға алынды. Ол деректер «Қытай жылнамаларындағы қазаққа қатысты деректер» деген атпен 1998 жылы І томы (жетекші бас редакторы Жақып Мырзаханов, бас редакторы əрі аудармашы Қаһарман Мұқанұлы, аудармашылар Əбділдəбек Ақыштайұлы, Кəкеш Қайыржанұлы, Самудин Əлғазыұлы), 2002 жылы ІІ томы (бас редакторы КəкешҚайыржанұлы, жұмыс тобына Шадыман Ахметұлының қатысуымен) Пекинде Ұлттар баспасынан жарық көрді. Негізінде ежелгі Үйсін тарихымен, Қытайдың ғана емес, бүкіл дүниежүзінің көптеген шығыстанушы ғалымдары айналысып келсе де, үйсінтануда түбегейлі шешімін таппаған ғылыми мəселелер баршылық” . Енді бұл мəселелерден мен шұқшиятын тұстар мыналар:
А. Үйсіндердің этногенезі. Ежелгі үйсіндердің арғы тегін іздестіру жəнеолардың бергі дүниеге ұласымын талдау.
Ə. Үйсін ұлысының Ғұн қағанатынан тəуелсіздік алу тарихына қатысты таласқа лебіз білдіре келіп, оның б. з. б. ІІ– І ғасырда заманына сай ірі де күшті мемлекет болғанын географиясы, демографиясы, экономикасы, қорғанысы, мəдениеті, дипломатиясы арқылы дəлелдей түсу.
Б. Үйсін ұлысының ыдырауына талдау жасап, басты себебін ашу.
В. Үйсіндердің Түрік қағанатына қарағанға шейінгі тір шілігінен қысқаша мағлұмат беріп, қазақпен байланысын айқындау.
Мен өз зерттеу шеңберіме сай, тек Үйсінге ғана жəне оған тіке қатысты елдердің қажетті тұстарына ғана аялдаймын. Өйткені өлімге үкім етілген Сократ ақтық сөзінің арасында: “Дүниедегі ең масқара нəрсе – білмейтініңді білемін деп есептеу” деген екен. Менің едəуір білетінім б. з. б. III – б. з. VI ғасырларындағы Үйсін Ұлысы мен оның маңы ғана. Оның үстіне, тарих деген ауыз өзімдікі деп ойға келгенді қойып қалатын сала емес. Байқамаса ұятқа(өлімнен де күштіге) қалдыратын, терең тамырды, мықты деректі, нанымды мазмұнды, зор жауапкершілікті талап ететін алып инженерия. Мен осы негізде ғана ауыз аштым жəне ол айтқандарымның ғылыми негізін көрсете түсу үшін ғалымдар білдірген дұрыс лебіз бен зерттеулер ішінен мазмұн қосуға неғұрлым мол орын беруге тырыстым.
Cоңғы материалдар
Барлық құқықтар қорғалған. EL.KZ белсенді сілт