0 дауыс
5.1k көрілді
1-билет.

1.Қазақстанның зкономикалық географиялық жағдайы,тереторясы,шекарасы.

2.Қазақстанның өнеркәсіп құрлымы.

3.Қазақстанның ұлттық құрамы туралы диограмма салу.

2-билет.

1.Қазақстан халық шаруашылығының құрамы мен құрлымы.

2.Табиғат байлықтары және оны тиімді пайдалану.

3.кескін картаға бір отынды аймаққа сипаттама беру.

3-билет.

1.Қара метталлургия.

2.Қазақстанның халқы,еңбек қоры.

3.кескін картаға толық және орташа циклді кәсіпорынды салу.

4-билет.

1.Отын энергетика кешені.

2.Орталық Қазақстан өнеркәсібі және ішкі айырмашылығы.

3.қара метал-я кешенінің орыналасу факторын анықта.

5-билет.

1.Қазақстанның табиғат жағдайлары мен қорлары.

2.АӨК құрамы мен маңызы.

3.картадан ірі кен орындарын көрсет.

6-билет.

1.Қазақстанның экономикалық географиялық жағдайы.

2.Солтүстік Қазақстанның ауыл шаруашылығы.

3.аса ірі электр станциясын көрсет.

7-билет.

1.Отын энергетика кешені.

2.Экономикалық аудандастыру, экономикалық аудандардың маңызы.

3.кескін картаға ірі темір жол магистрльін түсір.

8-билет.

1.Қазақстанның геосаясаты.

2.Машина жасау кешені.

3.кескін картаға ірі машина жасау орталықтарын түсір.

9-билет.

1.Қазақстан территориясынының әкімшілік-аймақтық құрлысы.

2.түсті металлургия кешені.

3.Б Қ экон ауданының бір өнеркәсіп торабына сипатамма.

10-билет.

1.Түсті металлургия.

2.Құбыр көлігі географиясы.

3.экономикалық терминдер.

11-билет.

1.Әлеуметтік инфрақұрлым салалары.

2.Көлік кешенінің дамуы.

3.О Қ экон ауданынң бір өнеркәсіп торабына сипаттамма.

12-билет.

1.Химия кешені.

2.Шығыс Қазақстан экономикалық ауданының шаруашылық географиясы.

3.химия өнеркәсібінің басқа өнеркәсіп саласы мен байланысы.

13-билет

1.Құрлыс материалдар өнеркәсібі.

2.С Қ экон ауданының шаруашылық географиясы.

3.өнеркәсіп экологиясы.

14-билет.

1.Тамақ өнеркәсібі.

2.Б Қ экон ауданының негізгі өнеркәсіп тораптары.

3.кескін картаға қара және түсті металл кен орындарын түсіру.

15-билет.

1.Жеңіл өнеркәсіп.

2.Батыс Қазақстан экономикалық ауданының шаруашылық географиясы.

3.кескін картаға маңызды автомобиль жолын түсір.

16-билет.

1.Астана-Қазақстан Республикасының астанасы.

2.Батыс Қазақстан экономикалық ауданының шаруашылық географиясы.

3.кескін картаға су көлігін түсір.

17-билет.

1.Солтүстік Қазақстан өнеркәсібінің негізгі саласы,ауыл шаруа-қ гео-сы.

2.Инфрақұрлымдық кешен.

3.кескін картаға құбыр көлігін түсір.

18-билет.

1.Қазіргі Қазақстанның экономикалық әулеттілігі.

2.Ағаш өнеркәсібі.

3.кекін картаға ірі ЖЭС түсір.

19-билет.

1.Темір жол көлігі.

2.Орталық Қазақстан экономикалық ауданының шаруашылық географиясы.

3.Қазақстанның ірі қалалары

20-билет.

1.Қазақстанның әлеуметтік және экономикалық дамуы.

2.Әуе және су,құбыр көлігі.

3.кескін картаға бір көлік магистралын түсіру.

21-билет.

1.Сыртқы экономикалық байланыстар.

2.Ауыл шаруашылығы және айналадағы орта.

3.ауыл шаруа-на пайдаланатын жерлердің диограммасын салу.

22-билет.

1.О Қ экон ауданының Республика экономикасында алатын орны.

2.Қазақстан экономикасындағы шетел инвестицияның ролі.

3.кескін картаға жеңіл өнеркәсіп орталығын түсір.

23-билет.

1.Экономикалық өрлеудің өзекті мәселесі./президент жолдауы/

2.Қала халқы және қала типі.

3.кескін картаға мұнай кен орнын түсір.

24-билет.

1.Қарағанды халқы және мәдениеті.

2.Өнеркәсіп және айналадағы орта.

3.бір өнеркәсіп торабына сипаттама.

25-билет.

1.Қазақстан дүние жүзілік экономикада.

2.Халықтың ұлттық құрамы.

3.Ауыл шаруашылығының өнеркәсіп салаларымен өндірістік байланыстар сызбасын салу.

1 жауап

0 дауыс

Меню сайта

Слайдтар

 

Кітаптар

 

Рефераттар

 

Дипломдық жұм..

 

Бағдарламалар

 

Материал қосу

Categories

Барлық реферат [2396]Ғылыми жоба [0]Дипломдық жұмыстар [7]Қазақша Слайд [479]

Софт [21]

Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат[ Добавить материал ]

Батыс Қазақстанның шаруашылық географиясы

14.04.2013, 12:10

Батыс Қазақстанның шаруашылық географиясы

Батыс Қазақстан - республикамыздағы жетекші салалары мұнай өндіретін және өңдейтін, мұнай химиясы мен балық өнеркәсібі, ферроқорытпа (24% жуық) және минералды тыңайтқыш (35%) өндіретін жалғыз экономикалық аудан. Ауданының жалпы аймақтық өнім шығарудағы үлесі 27%.

Өнеркәсібі

Батыс Қазақстанның әрбір облысы өзіне тән маманданған. Мұнай және газ өндіру ауданның барлық облысында жүргізіледі. Олардың арасында мұнайды көп өндіретіні Атырау облысы (республикалық өнімнің 30%), ал газды Атырау (49%) және Батыс Қазақстан (25%) облыстары . Атырауда республикамыздағы ірі мұнай өндеу зауыты жұмыс істейді (республика бойынша өнеркәсіп өнімінің үлес салмағы (26%). Ауданның батысында Қарашығанақ мұнай газ конденсаты кен орны бар. Бүл жерде мұнайды өндірумен бірге жаңадан салынған зауытта мұнайды өңдеу жұмыстары қатар жүргізіліп, өндірісті одан ары дамытуда Жаңаөзен қаласында этан шығаратын газ өңдеу зауыты жұмыс істейді. Бұл газ Ақтау қаласындағы пластмасса зауытының шикізаты. Атырауда полиэтилен, полипропилен және пластмассадан жоғары температураға шыдамды заттар шығаратын зауыт бар. Ақтөбе облысындағы хром кені базасында қара және түсті металлургия салалары дамыған. Кен орнында Хром қосылыстары және ферроқорытпа зауыттары жұмыс істейді. Хром кенінің және хром қосылыстарының негізгі бөлігі жақын және алыс шетелдерге экспортқа шығарылады. Облыс аумағында никель де өндіріледі.

Химия өнеркәсібі негізінен Ақтөбе облысында шоғырланған. Ақтөбе лак-бояу зауыты және күкірт-бор қышқылы мен минералды тыңайтқыш шығаратын Алға химкомбинаты бар. Машина жасау өнеркәсібі көбінесе қосымша сала ретінде дамыған. Атырау, Орал және Ақтөбе қалаларындағы зауыттарда жетекші өнеркәсіп салаларына арналған машина және құрал-жабдықтар шығарады. Атырау зауыты мұнай-газ өнеркәсібіне арналған құрал-жабдықтар шығарады. Балықшы кентінде кеме жөндеу зауыты, Ақтөбеде рентген құрал-жабдықтарын шығаратын зауыт жұмыс істейді.

Ауыл шаруашылығы

Агроклиматтық жағдайының күрделілігіне қарамастан ауыл шаруашылығының бірнеше салаларын дамыту қолға алынған, жетекші саласы — мал шаруашылығы. Ауданның солтүстігінде жаздық бидай егіледі және ірі қара өсіріледі. Оңтүстік аймақтарында судың жетіспеуінен егіншілікпен айналысу шектеулі түрде ғана, сондықтан да түйе және қой шаруашылығын дамыту тиімді. Егіншіліктің жалпы ауданы бар-жоғы 3%, оған дәнді дақылдардан жаздық бидай, тары, қара бидай, техникалық дақылдардан - күнбағыс, жүгері және қыша егіледі.

Тамақ өнеркәсібінде балық аулау және балық өңдеу салалары (Атырау қаласындағы балық өңдеу комбинаты, Балықшы балық консерві зауыты) ерекше орын алады. Тамақ өнеркәсібінің (ұн тарту,нан пісіру және т.б.) жақсы дамыған облыстарына Батыс Қазақстан және Ақтөбені жатқызуға болады. Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында жеңіл өнеркәсіп біршама жақсы дамыған. Негізгі кәсіпорындарына тігін және былғары аяқ киім өнеркәсібі (Оралда киіз байпақ және тері фабрикасы) жатады.

Басқа экономикалық аудандарға қарағанда Батыс Қазақстан республикамыздағы көліктің барлық түрін (темір жол, құбыр, автомобиль, өзен, теңіз, әуе жолдары) пайдаланатын аймақ. Көлік жүйесінің барлық түрінің дамуы көршілес жатқан Ресей және Орта Азия республикаларымен қарым-қатынас жасауға мүмкіншілік береді.

Аймақтың аумағы арқылы жоғары деңгейде механикаландырылған және автоматтандырылған магистралды құбыр жолдары салынған. Олардың бірнешеуі мемлекетаралық маңызға ие: Ақтау- Атырау-Самара (Ресей), Орта Азия-Орталық, Бұқара-Орал (Ресей), Атырау-Ор (Ресей), Қарашығанақ-Орынбор (Ресей) және Жаңаөзен-Атырау-Самара (Ресей).


http://cak.clan.su/load/referat/referat/batys_aza_stanny_sharuashyly_geografijasy/4-1-0-907
...