0 дауыс
22.9k көрілді

Сарматтардың шаруашылығы мен тұрмысы

2 жауап

0 дауыс

Сарматтар қыш ыдыстар, сақина, білезік сияқты әшекей заттар жасаған. Б. з. II-IV ғғ. Сарматтардың аса ірі археологиялық ескерткіші – жерлеу орындары (Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданында) табылған. Олар кейінгі сарматтар мәдениетіне жатады. Қабірге қасында түрлі әшекей заттары бар әйел жерленген.

III-V ғғ. зергерлік өнерге түсті металдардың ішінен алтынды көп қолданған. Осы кезде Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың арасында зергерлік өнерде «полихромдық стиль» кең тарады. Қазақстанда б. з. VII – V ғғ. бұл стильдің екі түрі дамыды: безендіру, зерлеу әдістері. Сондықтан да «полихромдық стиль» б. з. 1-мыңжылдықтың басында туды деген болжам бар.

Сақтардың қоғамдық құрылысы

Сақ тайпалар одағына массагеттер, дайлар, иссодондар, аримаспылар, каспилер, аргипейлер т. б. ондаған тайпалар кіреді. Олар ежелгі грек авторларының еңбектерінде аталады. Массагеттер-Сырдарияның төменгі бойы мен Арал теңізінің оңтүстік және солтүстік-шығыс өңірінде, дайлар-Сырдарияның төменгі жағын, Арал теңізінің жағалауын, исседондар-Іле мен Шу өзендерінің бойын, оның шығыс жағындағы Тарбағатай тауына дейінгі алқапты алып жатты. Патшалардың белгісі –жебелі садақ болды. Сақ әйелдері қоғамдық өмірдің барлық салаларында, тіпті соғыс кезінде де ерлермен бірдей қатысып, ерлік көрсетіп отырған. Кейбір деректерге сүйенсек, сақ қыздары жауын жеңбей тұрмысқа шықпайтын болған. Және әскери өнерді ерлермен тең дәрежеде меңгерген. Осындай үлгі тұтуға лайықты сақ патшайымы Тұмар мен Зарина тарихта ерлігі және ақылдылығымен қалды. Сақтар көшпелі тұрмыс кешті. Олардың наным – сенімдерінде отқа, күнге, әруақтарға табыну кең тараған. Сыйынатын басты құдайы «Күн». Күннің символы ретінде жылқы малы таңдап алынады. «Күнді» құрмет тұтып, оған арнап ең жүйрік жануар-жылқыны құрбандыққа шалады. Отқа табыну-сақтану қызметін атқарған болуы мүмкін. «От» жергілікті халықтың түсінігі бойынша «тазалаушы күш иесі» ретінде қабылданған. От сеніміне қатысты әдет-ғұрыптар қазіргі қазақтардың тұрмыс-тіршілігінде көптеп сақталған.

Шаруашылығы.Көшпелі мал шаруашылығымен, отырықшы өмір сүріп егіншілікпен айналысты. Сармат тайпалары Еуразияның саяси–экономикалық және мәдени өмірінде елеулі рөл атқарған одақтар мен мемлекеттер құрамына кірді.


http://www.tarih.spring.kz/

0 дауыс
Көшпелі мал шаруашылығымен айналысты.
...