0 дауыс
15.8k көрілді
1867 ж. «Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы Уақытша Ереженің» мақсаты мен міндеттері.

2 жауап

0 дауыс

Уақытша ереже дегенімен, заң 20 жыл қолданыста болды. Өзінің мазмүнына қарай бөтен болып табылатын нормативтік акт, арналып шығарылған қоғамның ерекшелік- терш ескермегендіктен, оны енгізу, көптеген халық ішінде наразылық пен қарсылыққа алып келді.

Уақытша заңның шарттарына байланысты Қазақстанның аумағы үш генерал-губернаторлыққа бөлінді: басқару орталығы Ташкент қаласы болып табылатын Түркістандық генерал-губернаторы; басқару орталығы Орынбор болып табылатын Орынбор генерал-губернаторлық; басқару орталығы Батыс Сібір болып табылатын Омск генерал-губернаторлық. Генерал-губернаторлық азаматтық жөне өскери билікті иемденетін. Түркістан генерал-губернаторлығы Қытай мен Иран арасындағы дипоматиялық қатынастарды қүруға қүқылы еді.

Әрбір генерал-губернаторлыққа бірнеше облыстар кірді: Орынбор генерал-губернаторлығына - Орал жөне Торғай; Түркістандыққа — Жетісу мен Сырдария; Батыс-Сібірге - Ақмола және Семей.

Облыстық басқарма әскери губернатор мен Облыс басқаруына жүктелген. Қазақстан аумағында жалпы төрт қазақ әскерлері қызмет еткен: Орал, Орынбор, Сібір жөне Жетісу. Әскери губернаторлар әскери министрдің үсынысының негізінде императормен қызметке тағайындалып, қызметтен алынатын. Олардың қолында өкімшілік жөне өскери билік шоғырланды. Облыс басқаруы биліктің атқарушы орга- ны болып табылды. Оны император тағайындаған вице губернатор басқарды. Облыс басқаруы үш бөлімшеден тұрды: басқарушылық, шаруашылық жіне сот. Бөлімшені кеңесшілер басқарды.

Әрбір уездің басқаруын уезд басшысымен жүзеге асты. Олар полициялық және әскери билікке ие болды. Өз билігін уезд басқармасы уездегі барлық түрғындарға, сонымен қатар, уақытша тұрғындар мен қазақ әскерінің өкілдеріне жүргізілді.

1868 жылғы «Далалық облыстарды басқару» бойынша және 1867 жылғы Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару жөніндегі «Уақытша Ереже» бойынша болыстық басқарманың қолына полициялық және нұсқау таратушылық биліктер берілді. Ол «тыныштық пен тәртіпті» сақтауды, салық төлеуді және халықтың барлық міндеткерліктерін өтеуін бақылады. Оның міндетіне билер сотының шешімін орындату кірді. Ауыл старшындары өзінің құзырында болыстық басқармалардың міндеттерін орындады.

«Уақытша Ереженің» 210-тармағына сәйкес Қазақ жері Ресей империясының меншігі болып жарияланды. Сұлтандардың барлық әлеуметтік-саяси және мұрагерлік құқықтары жойылды, ел билігі орыс шенеуніктерінің қолына шоғырланды.

Ескі экономикалық және идеологиялық жағынан тұтас, туыстыққа негізделе біріккен әкімшілік-рулық ұжымдардың орнына «Уақытша Ережені» енгізудің нәтижесінде жасанды бірліктер пайда болды. Осының бәрі қоғамдық билік жүйесінің дәстүрлі базасына әсер етті. Сондықтан тоқырауға ұшырады, оның маңызы, беделі және қажеттілігі төмендеді.

...